1 мыңнан астам қазақстандық локомотивтер жазғы жұмыс режиміне дайындалуда – «ҚТЖ» ҰК» АҚ

Қазақстандық локомотивтер жазғы жұмыс режиміне дайындалуда, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта көктемгі комиссиялық тексеріс электровоздар мен тепловоздардың жазғы тасымалдауға дайындықтарын жіті тексеруде. техникалық және өртке қарсы жай-күйі бағаланып, қажетті құрал-саймандардың болуы тексерілуде. Қыстан кейін барлық тораптардың, механизмдер мен жүйелердің және аспаптардың беріктігін, жарамдылығын, жұмысқа қабілеттілігі мен қауіпсіздігін жіті бақылап отырмыз. Толық және жартылай бояу жұмыстары жүргізіліп, салқындату жүйелері қалыпқа келтірілуде, майлары ауыстырылуда», - делінген ұлттық компанияның хабарламасында. 

Оның мәліметінше, 1 мыңнан астам қазақстандық локомотивтер жазғы жұмыс режиміне дайындалуда.

«Локомотив» АҚ президенті Марат Шәкеновтың мәліметінше, парктің 70%-ы комиссиялық тексеруден өтті.

«Электровоздар мен тепловоздардың сапалы техникалық дайындығы желіде толассыз жұмыс жасауға, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге жол ашады. Көктемгі комиссиялық тексеріс ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу