Құжаттарды қабылдау басталғалы бері елордада жалпы құны 25 млрд 940 млн. теңгенің 5569 нысаны заңдастырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
«Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астанада әрбір аудан әкімдігі жанынан заңдастыру бойынша комиссиялар құрылды, олар құжаттарды қабылдайды. 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы күнге дейін заңдастыру мәселелері бойынша аудан әкімдіктері жанындағы комиссияларға 15 мыңнан астам өтініш келіп түскен, олар бойынша тиісті түсіндірмелер мен консультациялар берілді», - деді қалалық Қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы күнге дейін қала бойынша жылжымайтын мүліктің жалпы құны 81 млрд 534 млн. теңгені құрайтын 6103 өтініш тіркелген.
Тіркелген өтініштердің ішінен комиссиялар 2544-ін мақұлдады, олар бойынша жалпы құны 25 млрд 640 млн теңгенің 5569 нысаны заңдастырылды.
«Соның ішінде жалпы құны 17,7 млрд теңгені құрайтын 2959 тұрғын жай, 7,8 млрд теңгені құрайтын 2065 тұрғын емес нысан, 4,7 млрд теңгенің 216 коммерциялық нысаны. Жылжымайтын мүліктен басқа, 458 млн теңгені құрайтын бес заңды тұлғаға қатысу үлесі заңдастырылған. Азаматтар 60 арнайы декларация тапсырған, олар бойынша 127 млрд теңгені құрайтын ақша мен 8 млн 110 мың теңгені құрайтын бағалы қағаздар заңдастырылған», - деді Р.Досаев.
Оның хабарлауынша, Астана қаржы көлемі бойынша Қазақстанның халқы тығыз орналасқан облыстарына қарағанда артта қалып келеді, алайда, заңдастыру бойынша алдыңғы қатарда. Мекеме басшысы астаналықтарды мүлікті заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады, және оның азаматтар үшін де, мемлекет үшін де тиімді екендігін атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз