Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Болжамды параметрлерді нақтылау азаматтардың өмірін жақсарту және экономиканы дамыту бойынша маңызды шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді — Ә. Смайылов

Сейсенбі, 20 Сәуір 2021, 11:26:50

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы мәселе талқыланды. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

«Макрокөрсеткіштердің болжамы ел экономикасының өсуі бойынша жедел деректерді, әлемдік экономика  мен нарықтағы оң үрдістерді ескере отырып, нақтыланды. Осылайша, жыл басынан бері ел экономикасы өсімінің қалпына келуінің оң серпіні байқалуда. Мәселен, ЖІӨ өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5%-дан бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6%-ға дейін жақсарды», — деді ҚР ҰЭМ басшысы.

Жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне $61 құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзілік қаржы ұйымының болжамдары $44 пен $67 аралығында болып отыр. Осыған байланысты, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне $50 деңгейінде айқындалды (бұрын мақұлданғаннан $15 жоғары).

«Дүниежүзілік банк вакцинациялау жүргізудің тиімділігіне байланысты әлемдік экономиканың өсуін 1,6%-дан 5%-ға дейін болжап отыр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға дейін жақсарды. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 1,2 трлн теңгеге жоғары», — деді Ә. Ерғалиев.

Сыртқы сұранысты қалпына келтіру аясында металлургиядағы өндірістің неғұрлым белсенді өсуі есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 4,1%-дан 5,2%-ға дейін жақсарды.

Құрылыста жоспарланған 17 млн шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға беруіне байланысты болжам 2,5%-дан 5%-ға дейін жақсарды.

Ақпарат пен байланыста IT қызметтерге сұраныстың өсуі нәтижесінде болжам 3,8%-дан 6,5%-ға дейін ұлғайды.

Ұлттық экономика министрі хабарлағандай, Ұлттық Банктің болжамы бойынша экспорт $10,8 млрд яғни $52,2 млрд дейін ұлғаяды (бұрын мақұлданған – $41,4 млрд). Импорт $37,1 млрд құрайды. 

Инфляция бұрын бекітілген 4,0-6,0% дәлізінде сақталды.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2021 жылы 7 204 млрд теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 279 млрд теңгеге жоғары.

«Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 2 700 млрд теңге мөлшерінде сақталды. «Nur Otan» платформасының іс-шараларын қаржыландыру үшін Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 трлн 850 млрд теңгеге дейін ұлғайды», — деді Ә. Ерғалиев.

Республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд теңге көлемінде болжанып отыр, бұл бекітілген көрсеткішке қарағанда 1 285 млрд теңгеге ұлғайтылады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5% деңгейінде болжанып отыр.

Өз кезегінде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің қарауына 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын ұсынды.

«Нақтылау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралары мен Мемлекет басшысының тапсырмалары, оның ішінде жыл сайынғы Жолдаулары шеңберінде айтылған стратегиялық бастамалары ескерілді. Сондай-ақ, пандемияға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен бұрын қабылданған міндеттемелер ескерілді», — деді Е. Жамаубаев.

Аталған бағыттар бойынша бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайып, 15,3 трлн теңгені құрады. 

Бюджет шығыстары келесі көздер есебінен ұлғайтылды:

  • 279 млрд теңге қосымша түсімдер;
  • 850 млрд теңге Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту;
  • бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 3,5%-ына дейін жеткізу.

Бұдан басқа, Президенттің бастамаларына арналған резерв қаражатын қайта бөлу іске асырылды. 

Сайлауалды бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мынадай негізгі бағыттар бойынша іске асырылатын болады:

  • әлеуметтік саланы қолдау, құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге - 182 млрд теңге;
  • Жұмыспен қамтудың жол картасы және Еңбек мемлекеттік бағдарламаларын, «Ауыл – ел бесiгi» жобасын іске асыруға - 177 млрд теңге;
  • ауыл шаруашылығын және ТКШ саласын дамытуға - 143 млрд теңге;
  • республикалық және жергілікті жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстауға - 140 млрд теңге;
  • ШОБ қолдауға - 64 млрд теңге.

Індетке қарсы іс-шараларға қосымша 265 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:

  • карантиндік іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге - 70 млрд теңге;
  • ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 80 млрд теңге.

Мемлекет басшысының басым тапсырмаларын қаржыландыруға 154 млрд теңге көзделген.

Бюджеттің қосымша шығыстарының жалпы көлемінде өңірлерге трансферттер 539 млрд теңгені құрайтын болады. 

«Осы шаралардың барлығы экономиканы ынталандыру мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізін қалайды. Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері осындай. Осы мәселенің маңыздылығы мен жеделдігін ескере отырып, Заң жобасын қолдауды сұраймын», — деді қаржы министрі. 

Министрлердің сөзін қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов осы іс-шараларды қаржыландыру үшін бюджетте бұрын бекітілген шығыстарды қосымша оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, бюджет тапшылығы ұлғайтылғанын және Ұлттық қордан нысаналы трансферт тартылғанын атап өтті.

Ұсынылған нақтылау азаматтардың тұрмысын жақсарту және экономиканы дамыту жөніндегі маңызды іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Осы қаражат есебінен:

  • республикалық және жергілікті деңгейлерде автомобиль жолдарын дамыту;
  • «Ауыл-ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыру;
  • ШОБ-қа қолдау көрсету;
  • Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыруды жалғастыру;
  • ауыл шаруашылығын дамыту жүзеге асырылады.

«Мұның барлығы орта мерзімді кезеңде экономикалық өсу үшін керекті негіз қалауға және Ұлттық қордың резервтерін қалыптастыру саясатына оралуға мүмкіндік береді. Жалпы бюджет теңгерімі қалыптастырылды», — деді Ә. Смайылов.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, жоғарыда айтылғанды ескере отырып бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану керек. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Мамыр 2021, 18:27
Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары
17 Мамыр 2021, 12:44
18 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Мамыр 2021, 11:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.