ҚДБ жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы қатысушыларының 3,5 мыңнан астам өтінімін мақұлдады
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жеңілдікті автонесие беру бағдарламасына қатысуға11 млрд теңгеден астам сомаға 3,5 мыңнан астам өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды банкте.
«2015 жылдың 16 шілдедегі жағдайда агент коммерциялық банктерге Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 3 571 сұранымды шамасымен 11,255 млрд теңгеге мақұлдады», - делінген хабарламада.
Банктың мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің арасында ең көп өтінім «Қазақстанның Халық банкіне» келіп түскен.
Естеріңізге салып өтсек, ҚДБ ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан автонесие беруге жұмсалады.
Ақырғы қарызгерлер – жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жиналатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot» және т. б. сияқты брендтердің 55 көлік моделі ұсынылады.
Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 15 млрд теңге бөлінді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз