Б.Сағынтаев Мәскеудегі ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты
Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) отырысына қатысты.
Отырыста қаралған мәселелердің едәуір бөлігі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ЕАЭО органдарында Қазақстанның төрағалық етуі аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуінде айтылған бастамаларға сәйкес келеді.
ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО нарығындағы тосқауылдарды, алымдар мен өзге де шектеулерді жою мәселелерін талқылады, қолданыстағы шектеулердің электрондық дерекқорын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Келешекте Одақ мемлекеттерінің бизнес қауымдастығы онлайн режімінде тосқауылдарды жою бойынша жұмыстар барысымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Отырыс қатысушылары келешекте өнеркәсіп саласындағы еуразиялық технологиялық платформа құру мүмкіндігін талқылады, бұл мемлекеттердің бар инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануға, өзара тиімді өнеркәсіптік кооперация үшін негіздер қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз