08 Ақпан 2017, 11:57
Бүгін Алматыда Бақытжан Сағынтаев «ИТП» АЭА аумағында жұмыс жасайтын ІТ-ұйымдарының өкілдерімен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бақытжан Сағынтаев кеңес барысында Мемлекет басшысының өз Жолдауында жариялаған мақсаттарға жету үшін елдің барлық ғылыми және инновациялық әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.
ҚР Президенті оның негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды. Бұл Қазақстанға 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді. Осы орайда Б. Сағынтаев «ИТП» АЭА аталған міндетті іске асыруда үлкен үлес қоса алатынын айтып өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар министрліктеріне айтылған ұсыныстарға талдау жасап, оларды «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу кезінде ескеруді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу