Б.Сағынтаев Италияның Ауыл шаруашылығы саясаты министрі Маурицио Мартинамен кездесті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Италияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинамен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы, АӨК-дегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытудағы жоғары әлеуетті атап өтті.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Миландағы ЭКСПО-2015 сәтті өткізгеннен кейін Италияның 2017 жылы Астанада өтетін көрмеге қатысуы маңыздылардың бірі болатындығына сенім білдірді.
Бақытжан Сағынтаев пен Маурицио Мартина сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелігі жағдайында республиканың агросекторын дамытуды талқылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз