Б.Жоламанов Азық-түлік келісім шарт корпорациясының басқарма төрағасы болып сайланды

Директорлар кеңесінің осы шешімімен Азық-түлік келісім шарт корпорациясының басқарма төрағасы болып Бақытжан Жоламанов сайланды.

Компанияда мәлімдегендей, Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы 1966 жылдың 23 желтоқсанында Өзбекстанның Самарқан қаласында туған.

Алматы Халық шаруашылығы институтын, Д. А. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтын аяқтаған. Экономист және заңгер мамандықтарына ие.

Б.Жоламанов түрлі мемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған: Астана қ. Тұрғын үй департаменті, ҚР Президентінің іс басқармасы.

Сонымен қатар түрлі коммерциялық құрылымдардағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

«Golden Grain Group» Агрокешендік корпорациясы» ЖАҚ президенті лауазымында қызмет атқарған.

Павлодар қаласының әкімі лауазымында жұмыс істеген.

Мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу