COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылдады

 

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төмендегілерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:

➢ «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;

➢ әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

➢ міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Кеңес соңында Е. Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды иммундау мен ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу