Алматы маңындағы ұшақ апатын тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Алматы    қаласының  әуежайы   маңында CRJ 200 LR  ұшағының  құлауы салдарына орын  алған  қайғылы оқиғаның себебін тексеру жөніндегі  үкіметтік комиссия  құру  туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.

Хабарламада  атап көрсетілгендей,  Комиссияға   Премьер-Министрдің бірінші  орынбасары - өңірлік даму министрі Бақытжан  Сағынтаев    жетекшілік етеді.  Оның құрамына  төтенше жағдайлар министрі  Владимир  Божко,   көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев,   Бас прокуратура, Бас көлік прокуратура және  басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіріп отыр.

Қазіргі уақытта комиссия апаттың себебін анықтау  жұмысына кірісіп кетті.

Ұшақ туралы ақпарат: CRJ 200LR (борт.нөмірі: UP-CJ006) 2000 ж/ж, зауыт нөмірі - 7413. Пайдалануға берілгеннен бергі ұшу сағаты - 25707 сағат, 22975  рет ұшып-қонған.  Соңғы рет  2011 жылдың 26 маусымында жөндеуден өткізілген.  Ұшу жарамдылығы  сертификатының мерзімі -  20.09.2013  дейін. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу