Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының келесі Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу