Өнімдерді өткізу нарығын кеңейту үшін қазақстандық бизнеске арнап жағдай жасау қажет - ҰКП

Халықаралық нарықты бағындыру үшін қазақстандық бизнес үшін ынталандыратын жағдайларды жасау қажет, деді ҚР ҰКП әлеуметтік сала мен әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов Қазақстанның ДСҰ-ға кіру перспективалары жөніндегі сұрақтарға жауап беру кезінде. 

«Қиындықтар болады деп ойлаймын, біздің елде бизнес үшін қолайлы жағдай жасалуы керек. Алдымызға ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын қойдық, бұл үшін экспорт нарығына шығуымыз керек. Еліміздегі басым бағыттар бойынша бұдан да жақсы ынталандыратын жағдайлар жасаған жөн», - деді Т.Доскенов.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ДСҰ-на ену үдерісі ұзақ мерзімді кезеңде бизнеске бағыт ретінде маңызды.  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу