2014 жылдың соңына дейін Қазақстанда үй құрылысы комбинаттарының 7 зауыты іске қосылады - А.Рау

Осы жылдың ішінде Қазақстанда 7 жаңа үй құрылысы комбинаттары іске қосылатын болады, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау ҚР Үкіметінің отырысында.

"Ағымдағы жылы 7 жоба іске қосылады деп жоспарланған, оның 5- і бірінші жарты жылдықта 2 жылдың екінші жартысында»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2013 жылы үй құрылысы комбинаттарының 7 зауыты пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге А.Рау отандық құрылыс индустриясының «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасының жыл сайын өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайындығына сенім білдірді.

Индустриалдық үй құрылысын дамыту шеңберінде республикада жобалық жалпы қуаты жылына 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға қауқарлы 17 үй құрылысы комбинаттары жобасын жүзеге асыру қарастырылғаны белгілі.

Бұл технологиялардың артықшылықтары жинақтай келгенде құрылыстың өзіндік құнын төмендетуге әкелетін үйлерді тез арада тұрғызу, құрылысты ауа-райына қарамай жүргізе беру, құрылыс сапасын арттыру болып табылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу