Астананың жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 61%-ды құрады - Ә.Жақсыбеков

2015 жылдың қорытындысы бойынша Астананың жалпы өңірлік өніміндегі ШОБ үлесі 61 пайызға жетті, деп мәлімдеді Астана қаласы кәсіпкерлерінің үшінші конференциясы барысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

«Қазіргі таңда ШОБ үлесі Астананың жалпы өңірлік өнімінен 61 пайыздық орын алады. Бұл орташа республикалық көрсеткішті үш есеге ұлғайтып отыр», - деді Ә.Жақсыбеков. 

Оның айтуынша, Баыс Қазақстан облысының ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 38,8 пайызды, Алматыда – 34 пайызды құрайды.

«Бұл орайда айтатыным, Президент елорданың әскер бөлімін басқа жерге орналастырумен Астана дамығанда айналыса бастады, Астана ШОБ дамуы нәтижесінде ілгерілеу керек деп айтқан болатын», - деп атап өтті қала басшысы.

«Біз Астанада «Даму» қорымен екі бағдарламаны іске қостық. Бұл – сауда саласын қаржыландыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы. Бұл бағдарламаларға қызығушылық үлкен. Бүгінде бөлінген қаражат 100 пайыз игерілді. Үлкен сұранысқа орай біз қосымша әр бағдарламаға 300 млн теңге бөлу шешімін қабылдадық. Бұдан қоса, «Даму» қоры осы бағдарламаларға 600 млн теңге бөледі», - деді Ә.Жақсыбеков.

Оның айтуынша, бұдан бөлек, стартап жобаларды қолдау бойынша жаңа бағдарлама жасау жоспарланған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу