ҚР Үкіметінде экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысын өткізді.

Күн тәртібін қарамас бұрын К.Мәсімов бірнеше өзекті мәселеге назар аударды. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігіне Ұлттық олимпиада комитетімен бірге еліміздің құрамасын алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада Ойындарына дайындығы мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Біздің спортшылар осы сынақтан сүрінбей өтуі үшін барлығын жасауымыз қажет», - деп атап өтті К.Мәсімов және допинг-тесттер өткізу үшін заманауи зертханалар сатып алуға қаражат қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы шегірткенің таралуына байланысты жағдайды сынға алды.

Өз кезегінде, вице-премьер – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов оңтүстікте жәндіктердің пайда болуы табиғи құбылысқа және алқаптарды өңдеу уақытылы жүргізілмеуіне байланысты екенін түсіндірді. «Биыл қыс мерзімі жылы болды және көктем ерте келді. Осы ретте шегіртке тұқымдастарының жетілуі шамамен 15-20 күнге алға жылжыды. Сондықтан бұл факторды ескермегеннен кейін, бұл бағытта жасалатын қызметтерге конкурстар дер кезінде өткізілмеді», - деп түсіндірді вице-премьер.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес бойынша шаралар қабылдап, қалыптасқан жағдайға жауаптыларды жазалауды тапсырды.

Бұдан өзге, видеоселектор арқылы К.Мәсімов Алматы әкімі Бауыржан Байбекке жақында жауған жауынның нәтижесінде қаланы су басуына қатысты жұмыстағы кемшіліктерді атап көрсетті.

Б.Байбектің мәліметінше, ақпан мен наурыз аралығында коммуналдық қызметтер жалпы ұзындығы 188 км болатын өзендерді, арналар мен арық желілерін тазалаған. 5 мыңнан астам текше метр қар, 17 мыңнан астам текше метр қатты тұрмыстық қалдық шығарған. Сонымен қатар, тек мамыр айында орташа норма - 108 мм кезінде 200 мм жауын-шашын түсті, яғни нормадан екі есеге асып түскен, ал 17 маусымда айлық норма - 60 мм кезінде 3 сағаттың ішінде 47 мм, ал таулы жерлерде 57 мм дейін жауын-шашын жауған.

«Соңғы рет мұндай жалпы нормадан ауытқыған жағдай 1957 жылы болды, ол кезде 64,8 миллиметр жауын-шашын түсті. Сол себепті 17 маусымда қала аумағында 94 су басу оқиғасы орын алды», - деді жүргізілген жұмыс нәтижесінде кешке қарай су басқан негізгі жерлер тазаланып, таңға қарай жалпы қала бойынша барлық жұмыстар аяқталғанын айтып өткен Алматы әкімі.

«Таяу арада сіздерге баруды жоспарлап отырмын. Сіздің жаңағы айтқандарыңызды өз көзіммен көріп шыққым келеді», - деді аталған мәселені бақылауда ұстауды тапсырған Үкімет басшысы.

Күн тәртібін қарау аясында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар Жоспарын таныстырды.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына қарай экономиканың оң өсімін қамтамасыз ету үшін үш бағыт бойынша сәйкес шаралар қалыптастырылған. Бірінші бағыт аясында өндіру көлемін арттыру және мұнайды қайта өңдеу, көмір өндіру, «ССТБӨ» АҚ темір кенін Қытай мен Ресейге жеткізу, отандық кәсіпорындарды жүктеуді және жұмыспен қамтуды сақтау бойынша шаралар қарастырылған.

Екінші бағыт «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы және 2016 жылғы Дағдарысқа қарсы қосымша шаралары жоспары аясында жоспарланған қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен, 155 млрд. теңге сомасындағы уақытша еркін қаражат айналым капиталын, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібін экспорт алды және экспорттық несиелеуді қаржыландыруға бағытталады, деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

«Экономиканың өсіміне жылдам әсер ету үшін ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында ішкі сұранысты ынталандыруға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 91,5 млрд. теңге бағытталатын болады», - деді Қ.Бишімбаев. Аталған қаражат ТКШ нысандарын ағымдағы жөндеуге, ауылдардағы, ауыл окрутеріндегі, аудандық маңыздағы қалалардың инфрақұрылымына және көріктендіруге; ЖТҚ арнап инфрақұрылым жүргізуге; «БЖК-2020» бағдарламасы аясында бизнес жобаларына инфрақұрылым жүргізуге; ауылды елді мекендерді кең жолақты Интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша жобаны жүзеге асыруға, сондай-ақ басқа да іс-шараларға бағытталады.

Жоспардың үшінші бағыты - «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды және экономиканың басымдықты салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету.

«Болжанған шараларды ескере отырып, ағымдағы жылдың маусым-шілдесінде экономика оң аймаққа шығады, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша өсімнің жоспарланған деңгейіне шығады деп күтілуде», - деп түйіндеді Қ.Бишімбаев.

Индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жандандыру мәселесі бойынша инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«6 жылда Индустриаландыру картасы бойынша 898 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 2015 жылы 128 жоба. Олардың 80%-ы жаңадан құрылған өндіріс жобалары болса, қалған 20%-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған. 2015 жылғы ЖІӨ өсімінің үштен бірі карта жобаларының есебінен алынды», - деді Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, жалпы Индустриаландыру картасының жобалар арқылы бұрын Қазақстанда өндірілмеген өнімнің 500 түрі шығарылған. Енгізілген жобалардың 70% тұрақты жүктемеге ие, 74 жоба төмен жүктемеде жұмыс істеуде, 21 жоба тоқтап тұр.

«2016 жылы 120 жобаны енгізу жоспарланған. Жалпы Индустриаландыру бағдарламасы экономикада тұрақтандырушы рөл атқарды. Егер 2010-2014 жылдары Индустриаландыру картасының жобалары барлық өнеркәсіп өндірісінің 10%-ын берсе, дағдарыстың күшеюімен бұл жобалар тұрақтылығын көрсетіп отыр. 2016 жылдың 1 тоқсанының қортындысы бойынша бұл жобалар өндіретін барлық өнімнің 20%-ын беріп үлгерді», - деп баса айтты ИДМ басшысы.

Талқылау қорытындысын жасаған Премьер-Министр Қазақстанды одан әрі дамытудағы ИИДМБ-ның маңызды рөлін атап өтті.

«Осы бағдарламаның көмегімен, әсіресе бес институционалды реформа мен 100 нақты қадамның көмегімен біз қазір тұрған жолақтан өтуіміз керек. Бұл кәсіпорындар салуға қатысты мәселе емес, бұл Президент айтқан біздің одан әрі дамуымыздың философиясы мәселесі. Бұл зор зияткерлік және ұйымдастыру күштерін талап етеді, алайда оны іске асыру сіз бен біздің қолымыздан келетініне сенімдімін», - деп түйіндеді К.Мәсімов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу