22 Сәуір 2022, 19:52

ҚР Үкіметінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойын атап өту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Мерейтойлық шаралар аясында өңірлерде ғалым есімін есте қалдыру, шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында жыл басынан бері конференция, кітап көрмесі, ғылыми жобалар байқауы, әдеби кеш сияқты іс-шаралар өтіп жатыр, олар желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.
Ақселеу Сейдімбек этнограф, жазушы, ғұмырын қазақтың ауызекі тарихын, халқымыздың өнегелі салты мен шежіресін зерттеуге арнаған тұлға ретінде белгілі.
Осы орайда, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға өскелең ұрпақты тәрбиелеуде біртуар тұлғаның мұрасын кеңінен пайдалануды тапсырды.
Сондай-ақ жиналыс қорытындысы бойынша республикалық деңгейдегі іс-шарларды күшейту туралы тапсырмалар берілді. Осыған орай, Алматы, Шымкент қалаларының республикалық деңгейде күй, айтыс байқауларын өткізу жөніндегі ұсыныстары қолдау тапты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу