Е. Тоғжанов Қарағанды облысында көп балалы аналармен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кәсіпкер – көп балалы аналармен кездесті. Олар «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, грант алып, өз ісін ашқан. Жұмыстарын үйден атқарады және олардың қызметтері жоғары сұранысқа ие.

«Бізде облыста 16 мың көп балалы ана бар, Қарағанды бойынша – 4700. "Шаңырақ" орталығы тегін заңгерлік және психологиялық кеңес береді. Өз бетінше табыс табуға үйрету үшін шеберлік сабақтарын өткіземіз», — деді Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Қожахметова.

Кәсіпкерлер өз өнімдерін көрсетті, олардың ішінде аспаздық өнімдер, ұлттық киімдер және т. б. болды.

Ұйым белсенділері бағдарламаны жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Ералы Тоғжанов аталған бастамаларға оң баға берді. 

«Біз бүгін Қарағанды облысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында келдік. Өңірде жұмыс жүргізіліп жатыр. Маңызды әлеует бар. Біз республика көлемінде кеңейтуге тұрарлық нақты мысалдарды көрдік. Бұл орталық әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамаларды дамытып, қолдау қажет», — деп атап өтті Вице-Премьер.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу