Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді

Сенбі, 03 Сәуір 2021, 16:30:54

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті.

Санитарлық талаптарға сәйкес іс-шараға тек комиссия мүшелері қатысты. Комиссия құрамында ҚР Парламент депутаттары, облыстардың әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар. Олардың көпшілігі  бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Сондай-ақ, қазақстандықтар Ауыл шаруашылығы минстрлігінің ресми сайты мен YouTube каналындағы онлайн-трансляцияға қосылып, комиссияның жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін республикалық «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфир ұйымдастырылды.

Отырысты ашқан Ералы Тоғжанов комиссияның мақсатын айта келіп, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге беруге толық тыйым салу туралы түпкілікті саяси шешім қабылдағанын еске салды. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда комиссия алдында ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу міндеті тұрғанын жеткізді.

«Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуір күні өтеді. Бұны айтып отырған себебім, өздеріңізге белгілі, көпшілік арасында, әсіресе, әлеуметтік желілерді әлі де жекелеген түсініспеушіліктер кездесуде. Жалған қауесетті әдейі таратушылар да жоқ емес екенін айтуымыз керек. Сондықтан, тағы бір нақтылап айтамын: жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  қоғам тарапынан көтеріліп отырған негізгі мәселелер бойынша түйінді  шешімін айтты,  нүктесін қойды», — деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы.

Одан кейін комиссия мүшелері бірінші отырыстың қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстарды қарауға көшті.

25 наурыздағы бірінші отырыста айтылған ұсыныстарға сәйкес, комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында екі жұмыс тобы құрылды. Экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев болды. Оған комиссияның 33 мүшесі кірді. Құқықтық мәселелер жөніндегі топты Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев басқарды. Оған 21 адам қосылды.

Модератор бұдан бөлек 25 наурыздағы отырыс қорытындысы бойынша барлығы 55 ұсыныс, оның ішінде 11 ұйымдастырушылық, сондай-ақ 29 экономикалық және 15 құқықтық сипаттағы ұсыныс келіп түскенін хабарлады. Олардың барлығы комиссия мүшелерінің, уәкілетті органдардың және фермерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарында талқылануда.

Ұсыныстарды қарау нәтижелері туралы жұмыс топтарының жетекшілері А. Күрішбаев пен Е. Барлыбаев хабарлады.

Олардың айтуынша, көпшілік дауыспен шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік қатысу үлесі бар компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысын қабылдау туралы ұсыныс қолдау тапты.

Екінші жұмыс тобы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына қайтаруды құп көрді.

2014 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдарға жүктелді, ал 2018 жылы аудан әкімдеріне бақылау функциялары берілді. 

Сонымен қатар, барлық салаларда бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру тәжірибесі бақылау органдарының (орталық-облыс-аудан) барынша тиімділігін көрсетеді. 

«Салыстырмалы талдау көрсеткендей, 2013 жылдан бері жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша әкімдіктер жүргізген тексерулер саны 2,6 есеге, ал анықталған заң бұзушылықтарды жою 4,5 есеге артқан», —  деді мәселенің өзектілігін түсіндірген Ерлан Барлыбаев.

Оның айтуынша, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функцияларын орталық уәкілетті органға беру мәселесін Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, «Атамекен» ҰКП және тағы басқалар көтеріп отыр.

Сонымен қатар, құқықтық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Базарбек көтерген жердің нысаналы мақсатын бағбандықтан басқа мақсаттарға өзгертуге заңнамалық тұрғыда тыйым салу туралы бастамасын қолдады.

Жер реформалары жөніндегі комиссия мүшелері айтылған ұсыныстар бойынша дауыс берді. Бұдан бөлек, Qoldau платформасын Қаржы министрлігіннен алып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына беру және оны «Ауыл шаруашылығы жануарларын cәйкестендіру» ақпараттық жүйесімен интеграциялау мәселелері қаралды.

Отырыс соңында жиынға қатысушылар қоғам өкілдері арасынан төраға орынбасарын сайлауды ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижесінде «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ-нің президенті Жигули Дайрабаев комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
10 Қаңтар 2022, 13:00
ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
08 Қаңтар 2022, 20:14
Қазақстандағы КВИ өсімі: ВАК отырысында пессимистік сценарий туралы айтылды
08 Қаңтар 2022, 16:51
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік экономикалық жағдайды қарастыру бойынша үкіметтік комиссия Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырмақ
08 Қаңтар 2022, 11:57
Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
06 Қаңтар 2022, 14:28
Үкімет әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел іс-шараларды қабылдады
05 Қаңтар 2022, 12:14
ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
05 Қаңтар 2022, 11:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №949 Қаулысы
05 Қаңтар 2022, 11:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №943 Қаулысы
05 Қаңтар 2022, 11:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №936 Қаулысы
04 Қаңтар 2022, 18:32
Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті
04 Қаңтар 2022, 17:13
Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді
04 Қаңтар 2022, 15:31
Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр
04 Қаңтар 2022, 14:02
Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады
03 Қаңтар 2022, 13:34
А. Мамин: Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды
02 Қаңтар 2022, 09:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №144
01 Қаңтар 2022, 00:42
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
31 Желтоқсан 2021, 12:08
Қазақстанда Отандық ядролық медицинаны дамытудың жол картасы әзірленеді
30 Желтоқсан 2021, 15:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №921 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №903 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №894 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 11:24
Ә. Смайылов көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша кеңес өткізді
30 Желтоқсан 2021, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №867 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 10:08
Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
29 Желтоқсан 2021, 11:45
Ержан Мыңжасаров ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды
28 Желтоқсан 2021, 15:38
Үкіметте Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті
28 Желтоқсан 2021, 15:07
Газдандырудың жеделдетілген қарқыны 13,5 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — Энергетика министрлігі
28 Желтоқсан 2021, 13:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.12.2021
28 Желтоқсан 2021, 12:17
Қазақстанда 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда
28 Желтоқсан 2021, 12:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №924 Қаулысы
28 Желтоқсан 2021, 12:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №912 Қаулысы
28 Желтоқсан 2021, 10:57
Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары орындалды — М. Бекетаев
28 Желтоқсан 2021, 10:12
Қазақстанда «қызыл аймақта» тұрған өңір жоқ — Ж. Бүркітбаев
28 Желтоқсан 2021, 10:04
Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарастырды
28 Желтоқсан 2021, 09:59
Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында құрылыс материалдары өндірісі 9,2%-ға өсті
28 Желтоқсан 2021, 09:38
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялау қажет — А. Мамин 
27 Желтоқсан 2021, 16:44
Е. Тоғжанов Алматыдағы жаңа аутизм орталығына барды
27 Желтоқсан 2021, 14:57
Алматы қаласында Е. Тоғжанов ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды
27 Желтоқсан 2021, 14:44
28 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Желтоқсан 2021, 12:31
Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды        
27 Желтоқсан 2021, 11:53
Айдос Сәкенов ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
26 Желтоқсан 2021, 10:12
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №143
25 Желтоқсан 2021, 10:58
Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,2%-ға төмендеді
24 Желтоқсан 2021, 10:47
Ә. Смайылов жолаушылар автомобиль тасымалы саласын субсидиялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Желтоқсан 2021, 18:27
Көктемгі су тасқынына дайындық, өрт қауіпсіздігінің алдын алу және қысқы кезеңдегі құтқарушылардың жұмысы — ҚР ТЖМ
23 Желтоқсан 2021, 12:03
Жыл қорытындысы: А. Райымқұлова мәдениет және спорт министрлігінің жұмыстары туралы баяндады
22 Желтоқсан 2021, 18:29
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
22 Желтоқсан 2021, 17:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №882 Қаулысы
22 Желтоқсан 2021, 16:59
Ә. Смайылов криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
22 Желтоқсан 2021, 11:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.12.2021 
22 Желтоқсан 2021, 11:18
2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай саласында мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде — Энергетика министрлігі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.