«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру тиімділігі 600 млрд теңгеден асты — А. Мамин  

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан экономикасын цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты. 

Үкімет басшысы Қазақстан экономикасын цифрландырудың әлемдік аренада оның тұрақты өсуі мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өсіп келе жатқан өзектілігін атап өтті. Осы мақсатқа қол жеткізудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.

«Бағдарламаның 2018 және 2019 жылдардағы жалпы экономикалық әсері 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы салалары, көлік және тау-кен металлургия секторларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізілді, бұл Қазақстанның өзекті әлемдік рейтингтердегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр цифрландырудың ұлттық экономиканың қозғаушы күшіне және тұрақты жұмыс орындарының генераторына тек ол жаңа құн құрудың тетігі болған жағдайда ғана айнала алатынын атап айтты. Осыған байланысты біртіндеп нәтижелі инновацияларларға күш-жігер шоғырландыру керек. Нақты солар Қазақстан экономикасына жаңа технологияларды әзірлеу мен бейімдеудің двигателі болады және жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын іске қосуға мүмкіндік береді. 

«Осы айда Сан-Франциско қаласында өткен жұмыс кездесулері аясында нарық көшбасшыларымен акселерация және венчурлық қаржыландыру саласында бірлескен қорлар құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Біз салада қаражаттың қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. “Самұрық-Қазына” қоры стартаптар инновацияларына тұрақты сұранысты қалыптастыру үшін зор әлеуетке және мүмкіндіктерге ие», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп Қазақстанда Аймақтық Үлестес төртінші өнеркәсіптік революция орталығын іске қосу бойынша жобаны жүзеге асырудың белсенді фазасы басталғанын айтты. 

«АХҚО базасындағы жаңа орталық бізді Израиль, Үндістан, Қытай, БАӘ, АҚШ және Жапонияны қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша ірі орталықтар желісімен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша, Дүниежүзілік экономикалық форумының жетекші әлемдік серіктес компаниялары желісі арқылы Қазақстанға озық бизнес әріптестерді тартуға ықпалын тигізеді», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр цифрлық технологиялардың бұдан арғы интеграциясы Қазақстанның әлемнің аса бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруі және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. 

Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қоржындық компанияларының және оның серіктестерінің цифрлық технологиялар және «ақылды қалалар» салаларындағы жетістіктерінің көрмесімен танысты. 

Шараға 700-ге жуық адам — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, ұлттық компаниялардың басшылары, сондай-ақ, АТ және телекоммуникациялық бизнес өкілдері қатысты.   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу