04 Маусым 2024, 11:10
Қазақстан Үкіметінің алдында 2024 жылдың соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің 6% өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл ретте ЖІӨ-дегі осы сектордың үлесі 12,3%-ды құрап, бүгінде ол тау-кен металлургия кешенінің (12,6%) үлесіне тең келеді.
Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында экономиканы одан әрі әртараптандыру және өңдеуші сектордағы өсімді қамтамасыз ету жоспарлары туралы мәлімдеді.
«Қолданыстағы кәсіпорындар жұмыс істеуі керек, өз өндірістерін қайта инвестициялап, шығарылатын өнім көлемін арттыруы тиіс. Сондай-ақ елімізде жаңа инновациялық кәсіпорындар пайда болуы қажет. Елімізге инвестиция салу үшін шетел капиталын тартуымыз керек. Өндірілетін өнім экспортқа да шығатын болады», — деді Роман Скляр.
Бірінші вице-премьер өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешеніндегі бүгінде технологиялық өсімнің жоғары деңгейін көрсетіп отырған кәсіпорындарды атап өтті. Олардың қатарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған Алматы желдеткіш және Кентау трансформатор зауыттары және басқа да зауыттар бар. Өнімдер әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
#Роман Скляр #Инвестициялар #Инновациялар #Өңдеу өнеркәсібіҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу