Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың барлық қолданыстағы несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді мемлекеттік субсидиялау қамтамасыз етіледі

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 11:48:43

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Елдің қаржы нарығындағы қазіргі жағдай туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндады.

Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнестің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша көмек көрсетуді тапсырды.

Мәдина Әбілқасымова экономикадағы дағдарыс жағдайында Агенттіктің басым міндеті аталған субъектілерді қаржыландыруға қолдау көрсету және кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің төмендеуіне жол бермеу екенін атап өтті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық орнықтылығы және төлем қабілеттілігі қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезеңінде кредиттер және микрокредиттер бойынша төлемдер мерзімі кейінге қалдырылды. Осы жылғы 16 наурыз 15 маусым аралығында 12 455 субъектінің төлем мерзімі кейінге қалдырылды, бұл кредит алушы субъектілердің 41,5%-ын құрайды. Кредиттер бойынша мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер сомасы 164,8 млрд теңге болды», — деді ведомство басшысы.

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша төлемдерді жеңілдетілген тәртіппен кейінге қалдыру не оларды қайта құрылымдау түрінде қолдау көрсету жалғасуда.

Биыл 16 маусым мен 1 қыркүйек аралығында 25 млрд теңгеге 3,3 мыңнан аса кредит бойынша мерзімін кейінге қалдыру өтінімі мақұлданды, 669 кредит алушының кредиттері қайта қаржыландырылды. Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерде шамамен 30 мың ШОБ субъектісінің 3,9 трлн теңге сомасындағы кредиттері бар. Оның ішінде 11 мыңға жуық субъект кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдік талаптарымен кредиттер алды.

Шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында айналым капиталын толықтыруға 387 млрд теңге сомаға 3 308 кредит берілді. Қалған кредит алушылар «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламалары аясында қамтылған.

Агенттіктің бағалауынша, 12,5 мыңға жуық кредит алушы экономиканың төтенше жағдайды және карантин шараларын енгізуден зардап шеккен салаларында қызметін жүзеге асыруда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Агенттік Үкіметпен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының талаптары бойынша экономиканың зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнестің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етеді. Субсидиялау төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап, яғни осы жылғы 16 наурыздан бастап 12 ай мерзімге беріледі», — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша орташа мөлшерлеме шамамен 15%-ды құрайды, кредит алушыларды көбірек қамту үшін субсидияланатын кредиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені 20%-дан төмен емес мөлшерде белгілеу ұсынылады. Бұл ретте орташа алғанда субсидиялау мөлшерлемесі 9%-ға дейін болады.

Мемлекет басшысы екінші деңгейлі банктердің өтімділігін бизнесті кредиттеуге бағыттау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. 

М. Әбілқасымованың айтуынша, кәсіпкерлерді несиелендіруді ынталандыру үшін Агенттік осыған дейін банктердің капиталы мен өтімділігін босату мақсатында реттеуді уақытша әлсіретті. Атап айтқанда, биылғы 30 қыркүйекке дейін шағын және орта бизнес кредиттері мен синдикатталған кредиттер бойынша сараланған тәуекелді азайту есебінен банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдетілді. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктер капиталының консервациялық буферіне қойылатын талап 1 пайыздық тармаққа төмендетілді, банктер өтімділігінің коэффициенттері бойынша талаптар жеңілдетілді.

«Бұл банктердің 468 млрд теңге мөлшеріндегі капиталын және 1,8 трлн теңге мөлшеріндегі өтімділігін босатуға мүмкіндік берді. Экономиканы кредиттеуді ынталандыру үшін Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп қосымша шараларды, оның ішінде пруденциялық реттеудің уақытша шараларын ұзарту бойынша шараларды әзірлейді», — деді ведомство басшысы.

Мемлекет басшысы кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру тұрғысынан, сондай-ақ кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді саралау және төмендету бойынша қосымша реттеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Микроқаржылық қызметті реттеу тұтынушылардың, әсіресе табысы төмен әрі банктік кредиттерді ала алмайтын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды.

Биылғы 1 қаңтардан бастап кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және онлайн-кредиттеу компанияларының қызметін Агенттік реттейді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл ломбардтардың меншікті капиталына қойылатын талаптар күшейтілді, басшыларына қойылатын біліктілік талаптары және ломбардтардың үй-жайларына техникалық талаптар белгіленді.

«Барлық банктік емес ұйымдар есептік тіркеуден өткізілді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3,1 мың микрокредиттеу субъектісінің ішінен 227 микроқаржы ұйымы, 202 кредиттік серіктестік және 650 ломбард есептік тіркеуден өтті. Микрокредиттеудің қалған субъектілері жұмыс істемейді немесе олардың капиталы жоқ және олар қызметін тоқтатуды жоспарлап отыр», — деді М. Әбілқасымова.

Жалпы алғанда, халықтың борыш жүктемесінің тәуекелдерін одан әрі төмендету үшін Агенттік кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру және несиелер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін саралау бойынша шаралар қабылдайды.
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
08 Қазан 2020, 10:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №636 Қаулысы
07 Қазан 2020, 23:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді
07 Қазан 2020, 16:10
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді
07 Қазан 2020, 14:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзі
07 Қазан 2020, 10:53
ҚР Ұлттық ұланының кейбір мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
07 Қазан 2020, 10:10
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы
07 Қазан 2020, 09:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №623 Қаулысы
07 Қазан 2020, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №622 Қаулысы
06 Қазан 2020, 16:11
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.10.2020
06 Қазан 2020, 14:58
Б. Атамқұлов: еліміздің фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестициялар 5,2%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады
06 Қазан 2020, 14:36
Ұлттық тауар өткізу жүйесі азық-түлік тізбегінің шығындарын азайту және бағасын тұрақтандыру мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді — Б. Сұлтанов
06 Қазан 2020, 13:09
Қазақстанның ішкі нарығы тұщы су балықтарымен 100% қамтамасыз етілген – ҚР ЭГТРМ
06 Қазан 2020, 12:37
А. Цой: отандық фармацевтикалық компанияларды қолдау үшін дәрі-дәрмектерді сараптау және олардың сапасын бағалау рәсімдері жеделдетілді
06 Қазан 2020, 10:53
12 тауар позициясы бойынша Қазақстанның ішкі нарығы 100% қамтамасыз етілген — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.