«Экспо-2017» аясында өткізілген мәдени шаралардың қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Ертең, 24 қарашада, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» аясында өткізілген мәдени шаралардың қорытындысы туралы брифинг өтеді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Астана опера театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Әлпиев шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу