Елбасы Chevron компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті

Кездесуде тараптар мұнай өндіру мен мұнайды қайта өңдеу саласындағы өзара ықпалдастықтың қазіргі мәселелері мен перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабалайды.

Мемлекет басшысы өткен жылдар ішінде екі тарап тығыз әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын атап өтіп, бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

«Сіздер оңай өңделетін мұнайдың әлемдегі ең терең әрі ірі кен орындарының біріне инвестиция құйып отырсыздар. Қазіргі таңда оны тасымалдау мәселелері шешілді. Бұл Chevron компаниясының ең ірі активтерінің бірі екенін атап өткен жөн», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Майкл Уиртті қызметіне кірісуімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі.

М. Уирт Қазақстан Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастардың жемісті екенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу