Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады

Бейсенбі, 15 Сәуір 2021, 19:13:37

Кездесуде «Nur Otan» партиясының Төрағасына «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр А.Мамин Сайлауалды бағдарлама елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың жалғасы екенін айтты. Ол партияның алдына ауқымды әрі нақты мақсаттар қойғанын, оны бағындыруға қажетті барлық ресурс жеткілікті екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, Үкіметтің жаһандық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың өсу қарқынын сақтау жұмыстары туралы баяндалды.

Алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларындағы көрсеткіштер біртіндеп жақсара бастағаны айтылды.

Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде (+7,5 пайыз), құрылыс (+13,1 пайыз) пен ауыл шаруашылығында (+2,8 пайыз) өсім бар екені атап өтілді. Сондай-ақ машина жасау (+21,8 пайыз), фармацевтика (+9,1 пайыз), химия өнеркәсібі (+14,2 пайыз), металлургия (+2,3 пайыз), жеңіл өнеркәсіп (+3,1 пайыз) пен отандық экономиканың басқа да бірқатар салаларында өсудің оң қарқыны байқалуда. Тау-кен металлургия секторын қоспағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 34 пайызға артты.

Осының бәрі ІЖӨ-нің болжанған нақты өсімін 2021 жыл қорытындысы бойынша 2,8 пайыздан 3,1 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Инфляция 4-6 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр

Сондай-ақ Үкімет басшысы нақтыланған республикалық бюджет жобасы туралы баяндады. Оның шығыстары «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын, Елбасының стратегиялық бастамаларын және Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар қаржыландыру COVID-19 індетіне қарсы ауқымды күрес іс-шараларын жүзеге асыруға, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттің жұртшылық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталады.

Елбасы ел экономикасындағы көрсеткіштерді жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқарудың маңыздылығына тоқталды.

«Экономиканың негізгі көрсеткіштері қалпына келіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл жақсы үрдіс. Машина жасауда өсім шамамен 22 пайызды құрады. Жеңіл өнеркәсіп те қарқынды дамып келеді. Жалпы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс секторы, агроөнеркәсіптік кешен мен басқа да бірқатар салаларда өсім бар», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Әңгіме барысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және вакцина салдырған азаматтардың санын көбейтуге бағытталған жұмыстар жайлы айтылды.

Елбасы жұртшылық арасында вакцина салудың мән-маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Денсаулықты күту керек. Бетперде тағып, қолды жиі жуып жүрген жөн, көпшілік шараларға бармау, міндетті түрде екпе салдыру өте маңызды. Сонда ғана осы күрделі кезеңнен өте аламыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жаңалықтар тізбегі
17 Мамыр 2021, 18:27
Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары
17 Мамыр 2021, 12:44
18 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Мамыр 2021, 11:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.