Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Көмекшісі Абай Бисембаевті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен және Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмуд Қасымбековты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

«Биыл біз Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздік күні қарсаңында Отан алдындағы жоғары қызметтерді ескеріп, Президент азаматтарға марапаттар тапсырды. Сіздерді құттықтаймын. Әрі қарай да ел игілігі үшін қызмет етуді жалғастыра беріңіздер», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу