Н. Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы жұмысының негізгі нәтижелері мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ғ. Пірматовтың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы өзінің атом саласындағы сенімді серіктес әрі отын жеткізуші мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалды. Жаһандық пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, компания 2020 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді, кейбіреуі бойынша жоспар асыра орындалды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша түсім – 587,5 млрд теңгеге, ал таза пайда 221 млрд теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа холдинг кәсіпорындарындағы вакцинация қарқыны туралы, компанияның ірі жобаларының жүзеге асырылуы, соның ішінде жылу бөлетін құрамалар шығару зауытының іске қосылуы жөнінде баяндалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу