29 Қазан 2026, 11:35

Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астықты терең өңдеуді, сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар туралы баяндады.
2029 жылға дейін астықты өңдеу бойынша алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Министр өз кезегінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында министрлік бірқатар жүйелі шараларды қабылдап, аграрлық секторды ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыру тетігімен қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты мен коммерциялық қаражатты ұштастыру отырғанын, бұл өз кезегінде ұзақмерзімді қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.
«Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдайды. Шаруаларды ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландырумен қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты мен коммерциялық қаражатты ұштастыру қағидаты көзделеді. Бұл "ұзақмерзімді" қаражаттың қолжетімділігін арттырып, қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат жеткіліксіз болған жағдайда да уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етеді», — деп мәлімдеді спикер.
Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингі купондық сыйақыны субсидиялау тетігі арқылы бюджеттен тыс қаражат тартуды жалғастырып, оны агроөнеркәсіп кешеніне несие беруге бағыттауы қажет.
Бұл ретте биыл «Бәйтерек» холдингі желісімен ұзақмерзімді қарызға 270 млрд теңге көзделген, оның ішінде мал сатып алуға 64,2 млрд теңге бағытталды. Белгіленген мақсаттарды толық жүзеге асыру үшін Аграрлық несие корпорациясы арқылы мал шаруашылығын қолдауға 84 млрд теңге бюджет кредитін бөлу керек.
Сондай-ақ Қазақстанның Даму банкі арқылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 2026 жылы 35 млрд теңге бөлінуі қажет.
Отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін арттыру жөніндегі тапсырманы орындау үшін биыл ҚазАгроҚаржы арқылы бюджеттік несиеге 50 млрд теңге бөлуді қамтамасыз ету керек.
«Сондай-ақ ҚазАгроҚаржыға қосымша 37,5 млрд теңге бөлу ұсынылды. Бұл 2027 жылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне 200 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша сенім білдірілген өкіл арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жеңілдетілген несие беру үшін 2027 жылы қосымша 50 млрд теңге бөлу ұсынылды», — деп түсіндірді министр.
Бүгінде жалпы қуаты жылына 510 мың тонна шикізатты құрайтын астықты терең өңдейтін үш кәсіпорын жұмыс істейді.
2029 жылға дейін крахмал, глютен, биоэтанол, аминқышқылдары және басқа да өнімдер шығаратын, жылына 5,8 млн тонна шикізат өңдейтін алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қазірдің өзінде алғашқы нәтижелер көріне бастады. Биыл Түркістан облысында «Казкрахмал» зауыты, Жамбыл облысында Fufeng Group компаниясының жобасы іске қосылды.
Жаңа өндірістерді құрумен қатар, оларды шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және жобалық қуаттарға шығару бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
«Ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі тапсырмаға сәйкес нақты егіншілік пен «Смарт-фермалар» технологияларын енгізу, бірыңғай салалық платформа құру және деректер көлін қалыптастыру көзделген. Бұл салалық ақпараттық жүйелердегі деректерді біріктіруді, агроөнеркәсіптік кешеннің даму сценарийлерін болжауды және модельдеуді қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату аясында заманауи тауарлық сүт фермаларын салу жалғасуда», — деп түсіндірді спикер.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін іске қосылған фермалардың жобалық қуатының 70%-ына, ал келесі жылы толық қуатына шығаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Келесі жылға жалпы қуаты 228 мың тонна сүт өндіретін 21 тауарлық сүт фермасынан тұратын жобалар пулы қалыптастырылған.
Ет өндірісі көлемін арттыру үшін толық өндірістік циклі бар 6 ет кластерін іске қосу, сондай-ақ Түркістан облысында алғашқы ірі мамандандырылған мал биржасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
#Ауыл шаруашылығы #АӨК #Мемлекет басшысының Жолдауы #Үкімет отырысы«Мемлекет басшысының тапсырмасы отандық ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын кеңейту және агрологистикалық орталықтар желісін қалыптастыру мақсатында сауда және интеграция саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырылуда. Шағын өндірушілерді саудаға тарту үшін олардың өнімдерін “Қазтелеком” АҚ-ның маркетплейсі арқылы өткізу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмысқа отандық компаниялар тартылуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы Министрліктің тұрақты бақылауында болады», — деп түйіндеді сөзін Айдарбек Сапаров.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу