09 Қыркүйек 2026, 14:02
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасуда. Диқандар ағымдағы маусымдағы егін жинау және ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған басымдықтардың қатарына жатады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде егін жинау науқаны жалғасуда. Шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар жинаған, бұл жалпы көлемнің 61,6%-ын құрайды. Бүгінде орташа өнімділігі гектарынан 14,1 центнер болатын 13,5 млн тонна астық бастырылды.
Биылғы егін жинау жұмыстарының қарқыны 2025 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен едәуір озық тұр. Орылған астықтың сапасы да бірдей.
Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна астық келіп түскен. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың ұқсас кезеңінде қабылдау көлемі 552,7 мың тоннаны құрады. Осылайша, түскен астық көлемі бес еседен астам өсіп отыр.
Егіннің сапасына ерекше назар аударылады. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша алынған жұмсақ бидайдың 93%-ы азық-түлік класына жатады.
Азық-түлікке арналған бидай құрылымында 75%-ын үшінші сыныпты бидай, 18%-ын төртінші сыныпты бидай құрайды. Бесінші сыныпты бидай мен сыныпқа жатпайтын астықтың үлесі – 7%.
Зерттелген жұмсақ бидайдың 51%-ында клейковина мөлшері 28%-дан жоғары екені анықталды. Тағы 23,6%-ында бұл көрсеткіш 25-27% деңгейінде, ал 25,4%-ында – 23-24% болды.
Бұл көрсеткіштер жаңа егіннің азық-түліктік әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, ішкі нарықты сапалы астықпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға қажетті жағдай жасайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, астық жинау, қабылдау және сақтау қарқынын, оның сыныптылығын, сондай-ақ шаруашылықтардың қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін тұрақты бақылауда ұстайды.
Ауыл шаруашылығының өзге дақылдарынан 6,3 млн тоннадан астам өнім жиналды
Сонымен қатар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда 906,5 мың тонна майлы дақылдар тұқымы, 2,4 млн тонна көкөніс, 1,8 млн тонна бақша дақылдары және 1,2 млн тонна картоп жиналды.
Өңірлік штабтар егін жинау науқанын уақтылы аяқтау үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ете отырып, дала жұмыстарын үйлестіруде.
Егін жинау және күзгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жылдық қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайтын болса, қазірдің өзінде тиісті келісімшарттар жасалып, 2 млн тонна немесе жылдық көлемнің 85%-ы жөнелтілді.
Бұл негізгі екі міндетті қатар шешуге: қазіргі егін жинау науқанын іркіліссіз аяқтауға және диқандарды келесі өндірістік циклге уақтылы дайындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде егін жинау жұмыстарын уақтылы аяқтау, жиналған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету, астықты сапалы қабылдау және азық-түлік астығының жеткілікті қорын қалыптастыру басым міндеттер болып қала береді.
Жаңа өнімнен күтілетін көлем еліміздің азық-түлік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді және ішкі нарықты сапалы астықпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасайды.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және АӨК-ті орнықты дамыту жұмыстары жалғасуда.
#Ауыл шаруашылығы #АӨК #Мемлекет басшысының ЖолдауыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу