09 Қыркүйек 2025, 19:13

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау шеңберінде білім беру саласында жасанды интеллектіні дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Ол Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында инновациялық саясатқа қатысты функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетінін атап өтті.
Бұл бірнеше бағытты қамтиды:
Министрдің айтуынша, бұл міндеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті функциялар мен салалық ұйымдарды Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыретіне беру арқылы іске асырылады.
«Инновациялық саясатты ғылым және жоғары білім жүйесімен интеграциялау бірыңғай механизм қалыптастыруға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже – ғылым мен инновацияның толыққанды экожүйесін құру, отандық әзірлемелерді экономикаға жедел енгізу, технологиялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ ол Қазақстанда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының 40 филиалы ашылатынын хабарлады. Бүгінде елімізде 31 500 шетелдік студент білім алуда. Мақсат – бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 150 мыңға жеткізу.
«Осы мақсатта шетелдік студенттерге, сондай-ақ ғалымдар мен оқытушыларға виза беру тәртібін қайта қарау қажет. Шетелдік студенттер үшін визаны 5 күн ішінде рәсімдеу және оқу мерзіміне С9 санатындағы көп мәртелік электрондық визаны алу мүмкіндігі көзделеді. Сонымен қатар жұмыс істеу құқығын беретін виза енгізу ұсынылады. Бұл виза халықаралық аккредитациядан өткен шетелдік университеттердің түлектеріне арналған. Жұмысқа орналасу туралы ұсынысы бар түлектер Қазақстанда 3 жылға дейін қалып, еңбек ете алады. Бұл шара үздік түлектерді елімізде мансап құруға ынталандырып, экономиканың және ғылымның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Саясат Нұрбек.
Бұдан бөлек, Қазақстанның көші-қон саясаты тұжырымдамасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ықтиярхат алуға құқық беретін визаларды енгізу көзделген. Мұндай визалар ғылым мен білім саласында жоғары білікті шетелдік мамандарға, сондай-ақ этникалық қазақтарға беріледі.
Халықаралық тәжірибе мұндай шаралардың тиімділігін дәлелдеп отыр. Мысалы, Канадада түлектерге 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Дубайда шетелдік студенттер ұзақ мерзімді виза рәсімдей алады, ал үздіктеріне арнайы «Алтын виза» беріледі. Мәскеуде студенттерге әлеуметтік және білім беру жеңілдіктерін ұсынатын «Мәскеу картасы» қолданылады.
Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша AI-Sana бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Оның мақсаты – студенттерді экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллектіні қолдануға үйрету, оларды стартаптар ашуға және кәсіпкерлікпен айналысуға дайындау. Бағдарлама білімді нақты жобаларға айналдыруға мүмкіндік береді. Әрбір студент өз мамандығы аясында жасанды интеллектіні пайдалануды меңгереді. Болашақта бұл жаңа технологияларды жасауға немесе жеке кәсіп ашуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама төрт кезеңнен тұрады:
Ведомствоның деректеріне сәйкес, бүгінгі күні 429 мыңнан астам студент жасанды интеллект курсын аяқтады, 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алды. Coursera 95 университетке 37 мың лицензия ұсынып, студенттер 59 мың сертификат алды.
#Білім беру #Президенттің тапсырмасы #Ғылым #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу