08 Қыркүйек 2026, 12:50

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешенінде 300 мыңға жуық өндіруші жұмыс істейді, олар 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның 595 мыңы немесе 55%-ы – жұмысшы мамандар. 2035 жылға дейін агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 73 мың білікті жұмысшы маман қажет болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, аграрлық колледждерге жыл сайын шамамен 4,8 мың адам, оның ішінде 3,8 мың адам – мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады.
Жалпы агроөнеркәсіп кешені үшін кадрлар даярлау өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ветеринарияны, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, механикаландыруды және басқа да бағыттарды қамтитын 17 мамандық пен 61 біліктілік бойынша даярланады.
«Бүгінгі таңда дуальды оқытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Колледждер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды кеңейтіп, тәжірибе ұйымдастыру және студенттер даярлау жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысында кәсіптік колледжбен бірлесіп құрылған CLAAS оқу орталығы жақсы мысал бола алады», — деді спикер.
Сондай-ақ аграрлық-техникалық колледждердің «Агрофирма Родина», «Зенченко и Ко», «Қазақстанның астық консорциумы» сияқты және басқа да ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығы жүргізілуде. Барлық облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және кейіннен жұмысқа орналастыру ниеттері туралы келісімдер жасалуда.
Бұл кәсіби дағдылардың маңызды бөлігін тікелей өндірісте қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте тежеуші факторлардың бірі бірқатар колледждің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі болып қала береді, бұл студенттердің практикалық даярлығы мен олардың қазіргі заманғы өндірістік технологияларды меңгеру мүмкіндіктеріне кедергі келтіреді.
Осыған байланысты уәкілетті органдар колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмысты жүргізуі қажет.
«Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 19 кәсіби стандарт әзірленіп, өзектендірілді. 2026 жылы 13 кәсіби стандарт өзектендіріліп, бекітіледі. Бұл жоғары технологиялар қолданылатын заманауи мамандықтар бойынша мамандарды оқытуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді министр.
Айдарбек Сапаров өз сөзінде ерте жастан кәсіби бағдар беру, яғни, «мектеп – колледж/жоғары оқу орны – кәсіпорын» үздіксіз тізбегін құруға және нақты өңірдің агросекторға деген қажеттіліктерін ескере отырып мамандар даярлауға мүмкіндік беретін агросыныптар құру маңызды бағыт саналатынын атап өтті.
Оның айтуынша, осыған ұқсас тәсілдер әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылуда, оның ішінде Ресей, Америка Құрама штаты, Германия және басқада елдерде қолданылады.
Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында университеттермен, жұмыс берушілермен, колледждермен бірлесіп пилоттық жобаны пысықтау қарастырылған.
Өз кезегінде, Министрлік делегациясы агросыныптар құру тәжірибесін зерделеу үшін Ресей Федерациясының Омбы облысына барғаны, сапар нәтижесінде пилоттық жобаға қатысуға дайын мектептер мен стратегиялық әріптестердің тізбесі қалыптастырылғаны атап өтілді.
«Бұл агроөнеркәсіп кешені үшін сапалы кадр резервін қалыптастыруға, мектеп жасынан бастап аграрлық мамандықтарға деген қызығушылық арттыруға және оқушыларды саланың заманауи технологияларымен таныстыруға мүмкіндік береді», — деп толықтырды сөзін спикер.
Сондай-ақ Министрлік агроөнеркәсіп кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Жалпы биыл жалпы құны 1,2 трлн теңгеге 160 жобаны іске асыру, 6,6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
#Ауыл шаруашылығы #Жұмыспен қамту #ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі #Үкімет отырысы«Жалпы Министрлік мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп заманауи аграрлық өндірісте тиімді жұмыс істей алатын білікті кадрлар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Біздің негізгі міндетіміз – қазіргі заманауи технологияны меңгерген, өндірісте тиімді жұмыс істей алатын мамандар даярлау. Бұл өз кезегінде, ауыл шаруашылығын технологиялық жағынан жаңартуды қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін жаңа буын мамандары үшін тартымды етуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу