Энергиямен жабдықтау тұрақтылығын арттыру үшін биыл бірқатар нысан іске қосылды – энергетика министрі

ҚР Үкіметінің кезекті отырысында күн тәртібінен тыс еліміздегі жылыту маусымы кезінде орын алған ақаулар қаралды. Экономика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов және Маңғыстау облысның әкімі Нұрлан Ноғаев мәселе бойынша баяндама жасады.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық бұзушылық орын алды. Энергетика министрлігінің құзыреті аясында технологиялық бұзушылықтар Теміртау қаласындағы 1-МАЭС-те «Bassel Group LLS» және Екібастұз, Риддер жылу-электр орталықтарында ғана болғаны айтылды. Көрсетілген жылу-электр орталықтары бойынша температуралық режим толық көлемде қалпына келтірілді. Сондай-ақ технологиялық бұзушылықтардың жіктелуіне сәйкес аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа ұшырамайды.

Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды. Қазіргі уақытта барлық тұтынушылар қосылған. Электр қуатын тұтынудың ең жоғары деңгейі 2024 жылғы қаңтарда 17 мың МВт, өз генерациясы кезінде 16,5 мың МВт болады деп күтіледі.

«Ағымдағы жылыту маусымына жүйелі дайындық аясында жүйелік оператор бекіткен электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 8 энергетикалық блокта, 40 қазандықта, 42 турбинада күрделі жөндеу аяқталды. Соңғы кезеңдерде 2 энергетикалық блокта, 9 қазандықта және 11 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа 25,3 мың шақырым электр беру желілері, 564 қосалқы станция және 3,5 мың тарату пункті күрделі жөндеуден өтті», — деді энергетика министрі.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Энергетика министрлігі 2023 жылғы 1 маусымнан бастап берілген өтінімдерге сәйкес 25 энергия өндіруші ұйымда электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуді жүргізді. Бұл шара электр станцияларын жөндеуге 146,5 млрд теңге көлемінде қаражат тартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдау шаралары аясында жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының жылу-электр орталықтарына, Ақтау қаласының энергия көздеріне, Көкшетау қаласының қазандығына күрделі жөндеу жүргізуге, реконструкциялауға және қажетті жабдықтарды сатып алуға 21,5 млрд теңге бөлінді. Бұл барлық негізгі жабдықты күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Кентау қаласының жылу-электр орталығын жөндеуге облыстық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа тікелей электр станцияларының меншік иелері шамамен 16,5 млрд теңге салған.

«Биыл ұйымдастырылған бірыңғай сатып алушының іске қосылуын ескере отырып, Ресей Федерациясынан электр энергиясының жоспарлы импорты жөндеу жұмыстарының уақытша кезеңінің едәуір ұлғаюымен елдің электр станцияларын күрделі жөндеудің жоғарыда аталған көлемін жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өткім келеді, бұл өткен жылдары Қазақстанның энергия жүйесінде электр энергиясының тапшылығына байланысты мүмкін болмады. Бұл шара биылғы күзгі-қысқы кезеңде сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде биыл жүргізілген жөндеу жұмыстарының бұрын-соңды болмаған көлемінің арқасында ғана ауа райының қалыптан тыс жағдайында ірі жүйелік апаттарды болдырмау мүмкін болды», — деді энергетика министрі.

Одан кейін Алмасадам Сәтқалиев электр энергетикасының жаңа нысандарын іске қосу туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін биыл бірқатар нысан іске қосылды. Астана қаласында жылу қуаты 440 Гкал/сағ. болатын 3-ші жылу-электр орталығының 1-кезегі іске қосылды, ол «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» қазандықтарымен бірге 1 140 Гкал/сағ. қуаттың өсуін қамтамасыз етті.

Қараша айында «KEGOC» АҚ батыс аймақта жалпы ұзындығы шамамен 780 км болатын кернеуі 220 кВ 5 электр беру желісін енгізді, 5 қосалқы станцияны кеңейтіп, «Қарабатан» қосалқы станцияны іске қосты. Бұл электр желісі батыс аймағының өткізу қабілетін арттыруға арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар кернеуі 220, 110 кВ ірі тораптық қосалқы станциялардың құрылысы жүзеге асырылды.

Жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау аясында электр станциялары мен желілері бойынша энергетикалық бақылау жүйесін күшейту бөлігінде тиісті түзетулер дайындалды. Осы бөлімде Ұлттық экономика министрлігінің қолдауы қажет. Министрдің сөзінше, ауқымды жаңғырту және реконструкциялау мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жұмыс жалғастырылатын болады.

«Энергетика министрлігі ағымдағы жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету және экономиканың энергетикалық инфрақұрылымын жақсы қарқынмен дамыту бойынша қойылған міндеттерді орындауды жалғастырады», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Әрі қарай өңір әкімдері баяндама жасады. Ағымдағы жылыту маусымы кезінде Ақмола облысында Степногорск (7 желтоқсан сағат 21.45-те) және Көкшетау (10 желтоқсан сағат 19.00-де) қалаларында жылумен жабдықтау желілерінде 2 ақау орын алды.

Өңір басшысы Марат Ахметжановтың айтауынша, Степногорск қаласы бойынша жедел штаб құрылды. Жылумен жабдықтау магистраліндегі апат бір тәулік ішінде жойылды. Барлық жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізілді, оның ішінде 100-ден астам нысанда су жүйесі толтырылды.

«Қаланы жылумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. Температуралық режим жұмыс нормасына дейін жеткізілді. Ауа райы нашарлауын ескере отырып, жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Азаматтардың өтініштеріне уақытылы жауап беру үшін жергілікті топтар жұмыс істейді», — деді спикер.

Көкшетауда болғау ақау бір тәулік ішінде жойылды. Құбырлар толтырылыып, үйлер жылумен жабдықтау желілеріне қайта қосылды. Жөндеу жұмыстары кезінде үй ішіндегі жүйелерден су алынбады, бұл пәтерлердегі нормативтік температураны ұстап тұруға мүмкіндік берді.

9-ынан 10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-сында су жылытатын қазандық агрегаттарда күл шығаруға арналған су құбыры зақымданды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, энергетикалық қазандықтар цехы үздіксіз жұмыс істеп тұр. 10 желтоқсанда сағат 19.30-да су басқан учаскелер құрғатылды. Осыдан кейін мамандар екі электр қозғалтқышын ауыстыруға кірісті, осылайша сорғы күл құбырының жұмысын қалпына келтірді. Қазір станция белгіленген параметрлерге шықты. 6 қазандық агрегат жұмыс істеп тұр, 3 қазандық – резервте, 1 қазандық – жоспарлы жөндеуде.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтаудағы магистральдық жылу құбырындағы ақауды жедел жою туралы айтып берді.

#ЖЭО #Энергетика #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу