29 Тамыз 2017, 09:20
ҚР Президентінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 537 жарлығына сәйкес, Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;
1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған;
1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;
2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2001 жылы – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
2001–2003 жылдары – ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
2003–2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;
2004–2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;
2006–2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.
2016–2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу