Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы экспортты қаржыландыру жөніндегі конференцияға қатысты

«Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында Қазақстандағы экспортты қаржыландыру жөніндегі конференция өтіп жатыр. Іс-шараның ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев құттықтау сөз сөйледі. 

Вице-премьердің айтуынша, бүгінде Қазақстанда шетел капиталымен 40 мыңға жуық компания жұмыс істейді. Мысалы, бір ғана Германиядан бізде 746 компания бар. 

Қазақстан халықаралық деңгейде өзара тиімді экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде қолдайды. Жалпы алғанда, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында шетелдік инвестициялардың ағыны бойынша жетекші орынды сақтап келеді. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $28 млрд-ты құрады, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Қазақстандағы экспортты қаржыландыру жөніндегі конференция Германия экономикасының Шығыс комитетімен, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігімен және қазақстандық институттармен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараға 150-ден астам делегат, оның ішінде еуропалық және қазақстандық компаниялардың басқарушы директорлары және басқарма мүшелері, экспортты қаржыландырумен айналысатын қазақстандық экономикалық институттар мен банктердің өкілдері қатысуда.

#Ерұлан Жамаубаев #Халықаралық ынтымақтастық #Экспорт #ҚР Қаржы министрлігі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу