Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады — Е. Жамаубаев

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, Қаржы министрлігі Президенттің тапсырмалары дереу орындалуын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылдауда.

Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құруға қатысты. Есеп комитеті Үкіметтен тәуелсіз жоғары мемлекеттік аудит органы ретінде бюджет қаражатының сыртқы аудитін қамтамасыз етеді. Бұл ретте, оның функциялары үнемі күшейе түсуде.

Мәселен, 2016 жылдан бастап Есеп комитеті республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асырады. Бұл алдын алу шараларын қабылдау арқылы бюджеттің тиімсіз шығындарын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құрылатын болады. Бұл ретте парламенттік бақылау күшейтіледі. Мұндай тәжірибе жекелеген батыс елдерінде бар.

«Осының барлығы Конституцияны қоса алғанда, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді. Барлық тиісті түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатын болады», — деді министр.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін сатып алу тәртібін жеңілдету бойынша. Тапсырыс берушілер бюджеттің 4-ші деңгейі шеңберінде жүзеге асыратын сатып алуды оңайлату мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 3 мың АЕК мөлшеріне дейін сатып алу нормасы көзделген.

Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару органдары бір көзден сатып алуды оңайлатылған тәртіппен жүргізуге құқылы. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қайта құруды ескере отырып, сатып алу тәртібін одан әрі оңайлату «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы шеңберінде пысықталатын болады.

Жұмыста формализм мен артық рәсімдерді жоюға, жергілікті өнім берушілерді қолдауға және жұмыс орындарын ашуға, халықтың сатып алу процесіне және шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға қатысуына баса назар аударылатын болады.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында Қаржы министрлігінің құзыретіне қатысты басқа да тапсырмалар бар. Олар бойынша тиісті ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылатын болады.

«Алдағы уақытта биылғы жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының параметрлері мен бағыттарын нақтылау күтілуде. Президенттің тапсырмаларын іске асыру бойынша барлық жоспарланған шаралар уақтылы қабылданып, қажетті қаржы мәселелер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп пысықталатын болады», — деді Е. Жамаубаев.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу