Жыл сайын Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны 10%-ға артуда — Kazakh Tourism

PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов туризм саласын дамытудың жалпы үдерістері, соңғы жылдары қандай жаһандық өзгерістер болғаны, сондай-ақ, ұлттық туристік өнімді дамыту туралы айтып берді.

Қ. Сәдуақасовтың айтуынша, Қазақстанда сырттан келушілер туризмі бойынша жыл сайынғы өсім орташа 10% деңгейінде байқалады. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша да оң динамика бар — 10-15% деңгейінде. 

«Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамадар саны көп. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді», — Қ. Сәдуақасов.

Kazakh Tourism төрағасының орынбасары сонымен қатар Қазақстандық ұлттық туристік өнім белсене дамытыла бастағаныны атап өтті. Бұл орайда 4Е тұжырымдамасы қолданылады.  

«Ұлттық туристік өнім деп қазір ұсынылып жүрген аса ерекше туристік өнімдер ұғынылады. Біз мұнда төрт негізгі бағытқа назар аударамыз: экотуризм, этнотуризм, ойын-сауық, іс-шаралар. Бұл бағыттарды біз 4Е (ecotourism, ethno tourism, еntertainment, events) тұжырымдамасына біріктіреміз. Осы тұжырымдама аясында біз барлық бар өнімдерді қамтуға тырысамыз», — деді Қ. Сәдуақасов.

Бұл ретте оның айтуынша, ерекше қазақстандық өнімдерге жеріміздің үлкендігі, ландшафтарымыздың әр түрлілігі, климаттық ерекшеліктер, ас мәзірі, тілдер т.б. бойынша сан алуандықты қамтитын көпұлттық т.б. жатады. 

«Бұл сан алуандықтан шағын бір бағытты таңдап, оған бағытталу өте қиын. Сондықтан біз 4 бағытты таңдадық. Экотуризм туралы айтатын болсақ, бұлар біздің Ұлттық парктер, аdventure-туризм. Егер этника туралы айтатын болсақ, кеиіз үйлерде тұру, бүокітпен аңшылыққа шығу, гастрономиялық туризм. Біздің қолымызда бар өнім басқаларынан ерекшеленетін болады деп санаймыз», — деді Қ. Сәдуақасов.

Сонымен қатар ол ұлттық туристік өнімнің суббрендтер айналасында шоғырланғанын айтты. 

«Қазақстан - бұл алманың, қызғалдақтың отаны, Жібек жолы, жылқы малы алғаш рет қолға үйретілген мекен. Осы тұрғыда ұлттық туристік өнім дамитын болады. Бұл өнімді жетілдіріп, ілгерілету керек», — деді Қ. Сәдуақасов.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу