«Даму» қоры ШОБ-ке қолдау көрсету бойынша екі жаңа бағдарламаны бекітті
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға жаңа ек бағдарлама бекітілді, деп хабарлайды ұйымда.
«Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған тағы екі бағдарлама жұмыс жасай бастайды», - делінген хабарламада.
Бағдарламалар «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар Кеңесінің кезекті отырысында бекітілді. Оның бірі – «Даму-Бизнес». Бағдарлама - «Даму» Қорының несие бойынша кепілдендіру мен қарыздарды субсидиялау құралдарын пайдалануға мүмкіндігі бар, жас бастауыш және бастауыш кәсіпкерлерге арналған шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға бағытталған. Бағдарлама шағын және орта бизнес субъектілері үшін салалық шектеуліктерді қамтымайды. Бір қарыз алушы үшін максималды қарыз лимиті – жас бастауыш және бастауыш кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін және барлық қалған кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 млрд.850 млн.теңге.
«Қарыздың мақсаты – негізгі қордың жаңасын алуға, құруға және жаңалауға, әрекеттегі инвестициялық қарызды қайта қаржыландыруға, сонымен қатар айналым қаражатын толықтыруға. Несие бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесі, негізгі қарызды 18 айдан асырмай өтеудің жеңілдетілген кезеңін алу мүмкіндігімен, жылдығы 10,5% құрайды», - деп баса айтты қорда.
Сонымен бірге, несие мерзімі негізгі қордың жаңасын алуға, құруға және жаңалауға, әрекеттегі инвестициялық қарызды қайта қаржыландыруға - 100 айдан ( 8,5 жыл ) көп емес, айналым қаражатын толықтыруға – 36 айдан көп емес.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша: «Даму-Бизнес» бағдарламасын іске асыру есебінен жеңілдікпен қаржыландырылатын бастауыш және әрекеттегі ШОБ субъектілерінің қамтылуы ұлғаяды.
«Алдын ала болжам бойынша, 8,5 жылда қаржыландырылған ШОБ субъектілерінің саны 1200 кәсіпкерді құрайды. Бұл уақыт аралығында жаңадан құрылған жұмыс орны саны 2,4 мыңға жетеді. Қазынаға құйылатын салық сомасы 21 млрд.теңге көлемінде болмақ», - деп баса айтты ол.
Жастардың старт-ап жобаларын қолдау бағдарламасы да «Даму» Қоры директорлар Кеңесінің кезекті отырысында бекітілді. Бағдарлама кешенді оқыту жүйесі мен жастардың старт-ап жобаларын тәжірибелік қолдауды қамтиды.
«Бағдарламаға келешекке көздеген бизнес-идеясы бар, 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар үшін кәсіпкерліктің негізін оқыту өткізіледі. Тренинг-семинардан соң бағдарлама қатысушылары өздерінің бизнес идеяларын таныстырып, қорғайды. Қазылар алқасы 10 старт-ап жобаға іріктеу өткізеді», - деп түсіндірді «Даму» қорында.
Таңдалғандарға бизнесті құру мен дамыту мәселелері бойынша КҚКО кеңесшілері мен бизнес-тренерлары консультациялық/тәжірибелік ілеспе қызмет көрсетеді. Яғни, бизнес жоспарлар дайындау, ШОБ субъектілері ретінде тіркеу, ЕДБ несиесі бойынша «Даму» Қорының кепілдігін алуға өтінім беру және құжаттар пакетін дайындау бойынша бағыт-бағдар береді.
Директорлар Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Қор басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігінің түйінді мәселесі, бизнес білімінің, істегі тәжірибесінің және бизнес жобаларға қаржылық қаражатының жетіспеушілігінен туындап отыр.
Ләззат Ибрагимованың пікрінше, осыған байланысты шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеуге және бизнестерін дамыту үшін оларға қаржылай қолдауға шейін бизнес-идеяларын «өсіруге» бағытталған, оқыту, консультациялық және тәжірибелік ілеспе қызмет көрсету, сонымен қатар әрекетінің бірінші жылы сол салада әрекет ететін Менторлар/ұстаздар тарапынан ілеспе қызмет көрсету қамтылатын жастардың старт-ап жобаларын кешенді жекелей қолдаудың қажеттілігі ұлғайып келеді.
Бағдарлама Қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, бағдарлама аясында өткізілетін «Бизнес идеялар марафоны» байқауының жеңімпаздарына – старт-ап жобаларға тағайындалатын гранттарға бағытталатын өзге көздерден қаражат тарту мүмкіндігі қарастырылуда.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз