ФОТОТАСПА: 150-ден астам қазақстандық компания «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысты

Астанада «Көрме» көрме орталығында жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне Қазақстанның әр өңірінен келген 150-ден астам компания қатысты, деп хабарлады көрме ұйымдастырушылары.

«Көрмеге қатысушылар еліміздің үздік компанияларымен және олардың өнімімен таныса алады. Тіпті, азық-түлік секторында қазақстандық шұжық, сүт өнімдері мен өзгеде тауарларды сатып ала алады. Сонымен қатар, отандық өндірушілер өндірістік мақсаттағы өз ұсыныстарымен таныстыратын болады», - деп хабарлады көрме ұйымдастырушылары. 

Ауқымда шара аясында отандық компаниялардың иелері елордалық оқу орындарының студенттері және ұстаздарымен әңгімелесе алады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2001 жылдан бастап өткізіліп келеді. Күні бүгінге дейін оған 5000-нан астам кәсіпорын қатысып үлгерді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу