ФОТОТАСПА: Астанада Қазақстан машина жасаушыларының II форумы басталды
Саланың жетекші мамандарының, сарапшыларының, мемлекеттік компаниялар, салалық қауымдастықтар жетекшілерінің қатысуымен Астанада Қазақстан машина жасаушыларының II форумы өз жұмысын бастады.
Биылғы форумның тақырыбы - «2015-2019 жылдарға арналған Индустриаландыру бағдарламасында Қазақстандағы машина жасау».
9 қазан күні «Hilton Garden Inn» отелінде мына тақырыптарда дөңгелек үстелдер өтеді: «Автомобильдік машина жасау», «Мұнай-газ машина жасау», «Тау-металлургиялық машина жасау», «Ауыл шаруашылық машина жасау», «Темір жол машина жасау» және «Электротехникалық машина жасау». 600-ден астам маман қазақстандық машина жасауды дамыту жағдайы мен перспективаларын талқылайды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Форум аясында «ДСҰ, ЕЭК, КО кірудің қазақстандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбын таныстырады. «Самұрық Қазына» АҚ «Машина жасау өнімдерін сатып алу» панельдік сессиясын өткізуге бастамашы болады. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның машина жасаушылар одағының басшылығының төрағалығымен «Машина жасау кәсіпорындарын кадрлық қамтамасыз ету» сессиясы өтеді.
Форумның ұйымдастырушылары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және Қазақстанның машина жасаушылар одағы. Форумның бас демеушісі дәстүрлі түрде «Самұрық Қазына» АҚ.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз