Фоторепортаж: Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аралады

8 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Алматыдағы «Алатау «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-нда болып қайтты.

Сапар барысында Премьер-Министр Drilling Center мен ҚБТУ Теңіз Академиясын, операторларды, мұнай инженерлерін, бұрғылау мердігерлерін және сервистік компаниялардың техникалық кадрларын кәсіптік даярлау бойынша оқу-жаттығу орталығын, кеме жасау, теңіз құқығы, теңіз кемелерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша оқыту орталығын аралады.    

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев арнайы экономикалық аймақты дамыту барысымен танысты.

 

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2003 жылы құрылған және ақпараттық технологиялар, электроника және құрал жасау, жаңғыртпалы энергия көздері, ресурсты үнемдеу, тиімді табиғат пайдалану және т.б. салаларды дамытумен айналысады.

 

2003 жылдан бастап «ИТП» АЭА 3 000-нан астам жұмыс орны құрылды.

 

«ИТП» АЭА 2015 жылы Үкіметпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының құрамына кіреді. Ол Almaty Tech Garden қолшатыр брендінің астына Алматы қаласының жетекші ЖОО мен ҒЗИ-ның ғылыми-техникалық базасын, сонымен қатар «ИТП» АЭА-ға қатысушы компанияларды шоғырландырады.

 

Қазіргі таңда «ИТП» АЭА-нда 221 компания жұмыс істейді және 500-ден астам өнім мен қызмет түрін шығарады.

 

Премьер-Министрге ақпараттық технологиялар, электроника, жабдық жасау, телекоммуникация және байланыс, ресурс үнемдеу, сонымен қатар, алдағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің өзекті тақырыбы – жаңғыртпалы энергия көздері салаларында қызмет ететін инновациялық кәсіпорындардың алдыңғы қатарлы әзірлемелері таныстырылды.

 

Бақытжан Сағынтаев операторларды, мұнай инженерлерін, бұрғылау мердігерлерін және сервистік компаниялардың техникалық кадрларын кәсіби дайындайтын заманауи оқу-жаттығу орталығымен танысты.

 

ҚР Премьер-Министрі қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысты.

 

Бақытжан Сағынтаев заманауи импорт алмастырушы телекоммуникациялық жабдық шығаратын компанияда болып қайтты.

 

Премьер-Министрдің барған тағы бір нысаны KT Cloud Lab деректерді өңдеу орталығы – заманауи Дата-орталық болды. Мұнда шағын және орта бизнестің корпорациялары мен компанияларының жинақ сервистері мен дайын салалық жинақ шешімдері әзірленеді.

 

ҚР Премьер-Министрі «ИТП» АЭА аумағында жұмыс жасайтын ІТ-ұйымдарының өкілдерімен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының өз Жолдауында жариялаған мақсаттарға жету үшін елдің барлық ғылыми және инновациялық әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.

 

Кеңес барысында «Қазтелепорт» АҚ бас директоры А. Құсайынов, EMC-DELL компаниясының зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі директоры В. Саяпин, «IDC Орталық Азия және Әзірбайжан» компаниясының өңірлік директоры А. Беклемішев, «Қазақстанның Интернет Қауымдастығының» президенті Ш. Сабыров, «Элтекс Алатау» ЖШС бас директоры Н. Жәнібеков, сонымен қатар «Alem Research» ЖШС бас директоры С. Нарынов өз пікірлерімен бөлісті.

 

Айта кеткен жөн, ҚР Президенті оның негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды. Бұл Қазақстанға 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Соған орай ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аталған міндетті орындауда «ИТП» АЭА едәуір үлес қоса алатынын айтты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу