Фоторепортаж: Қазақстанның инвестициялық жаңғыруы

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезекте трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнату есебінен шетелдік инвестицияларды тарту ісінде көшбасшылықты сақтау туралы міндет қойды. Осы орайда Үкіметке 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұлттық инвестициялық стратегияны әзірлеу туралы тапсырма берілді.

Қазақстанның инвестициялық саясатын одан әрі дамыту мәселелері ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесі барысында талқыланды.

Жеңіс Қасымбек, инвестициялар және даму министрі

Мұхтар Тілеуберді, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді инвестицияларды тарту мен мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру саласындағы жаңа тәсілдермен таныстырды.

Иван Нимак, инвестициялық ахуал мәселелері жөніндегі Дүниежүзілік Банк кеңсесінің басшысы

Инвестициялық ахуал мәселелері жөніндегі Дүниежүзілік Банк кеңсесінің басшысы Иван Нимак Қазақстан Республикасына Инвестициялар тарту жөніндегі стратегия тұжырымдамасымен таныстырды.

Альпаслан Коркмаз, «Kaznex Invest» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Kaznex Invest» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Альпаслан Коркмаз қайта құрылған «Kazakh Invest» инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық компанияның негізгі міндеттері мен басымдықтары туралы айтты.

Арыстан Қабыкенов, Жапониядағы инвестициялар жөніндегі кеңесші

Аркен Арыстанов, Франциядағы инвестициялар жөніндегі кеңесші

Алмас Жоламанов, Германиядағы инвестициялар жөніндегі кеңесші

Сұлтанғали Кинжакулов, ҚХР-дағы инвестициялар жөніндегі кеңесші

Айнұр Қарбозова, Ұлыбританиядағы инвестициялар жөніндегі кеңесші

Олжас Раев, Оңтүстік Кореядағы инвестициялар жөніндегі кеңесші

Сондай-ақ, еліміздің Ұлыбританиядағы, Франциядағы, Германиядағы, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдағы инвестициялар жөніндегі кеңесшілері инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Олардың пікірінше, іскерлік кеңестер әлеуетін пайдалану, виза режимін жеңілдету, трансұлттық компаниялардың басымдықты тізімін анықтауға қатысты нақты жұмыстар жүргізу қажет.

Премьер-Министр инвестициялық кеңесшілердің ұсыныстарын мұқият тыңдап, мемлекеттік органдарға аталған мәселелердің шешімін табу бойынша жұмыс істеуді тапсырды.

Кеңесті қорытындылай келе, Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет алдына инвестицияларды тарту жүйесін қайта қалыптастыруға байланысты ауқымды міндеттер жүктегенін айтып өтті. Осы орайда Премьер-Министр аталған бағыттағы жұмысты, әсіресе еліміздің өңірлерінде жандандыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу