Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы, Латвия және Болгариядағы елшілерін тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

  • Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

  • Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

  • Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу