Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының сессиясына қатысты

Бейсенбі, 28 Қараша 2019, 18:52:41

Бішкек қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Арменияның Премьер-Министрі Николай Пашинян, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков шағын құрамда кездесу өткізді. Содан кейін делегация мүшелерінің қатысуымен келіссөздер жалғасты.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты. ҰҚШҰ-ның 2019 жылғы басым бағыттарының іске асырылуын қорытындылап, алдағы жоспарын анықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын форматта өткен кездесуде қатысушы мемлекеттер басшыларына Қазақстанның ҰҚШҰ форматындағы өзара іс-қимылдардың өзекті мәселелері жөніндегі ұстанымын жеткізді.

«Біз ҰҚШҰ аясындағы саяси ынтымақтастықты дамытуға, Ұйымның әскери-күштік әлеуетін нығайтуға және заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар жасауға ниеттіміз», — деді Мемлекет басшысы.

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы саяси диалогты күшейту қажеттігін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия кіндігінде орналасқан аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі ҰҚШҰ-ның атқаратын жауапкершілігіне назар аударды. Оның пікірінше, Ұйым Еуропа мен Азияны қауіпсіздіктің біріңғай Еуразиялық платформасында байланыстыра отырып, өз позициясын қазіргіден де нығайта алатыны жөнінде пікір білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндетті қарастыру керек екенін айтты.  Атап айтқанда, ҰҚШҰ-ның халықаралық беделін арттыру үшін жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды.

«Біз ешкімге қарсы шықпаймыз, керісінше, өзара тиімді диалогқа дайынбыз. Бұл ұстанымды ілгерілету маңызды», — деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің НАТО-дағы әріптестеріне биылғы мамыр айында жолдаған Ашық үндеуінің маңыздылығын атап өтіп, оның өзара сенімді нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетінін айтты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ жанындағы Серіктес және Бақылаушы институттарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Институттарды құру туралы шешім былтыр Қазақстан астанасында қабылданған болатын. Президенттің пікірінше, бұл институттар жұмыстарының алғашқы нәтижелері де айтарлықтай.

Президент ҰҚШҰ аясындағы сараптамалық-диалогтық инфрақұрылымды кеңейтуге шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің алдағы сессияларының бірінде министрлер, Қауіпсіздік кеңесі хатшылары, ірі сарапшылар мен шетелдік қонақтар деңгейінде халықаралық конференция ұйымдастыру туралы ойланған жөн.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясын  мысалға келтірді.  Оның пікірінше, бұл жиын бастапқыда НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс ведомстволары өкілдерінің бейресми кездесуі ретінде ұйымдастырылған еді, ал бүгінде Еуропаның қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды талқылайтын беделді форумға айналды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер аумағындағы, соның ішінде Ауғанстандағы терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері туралы айтты.

«Бүгінде ресми билік ел аумағының жартысынан астамын ғана бақылайды. Онда халықтың 65 пайызы  тұрады. Ауғанстанның қалған аймақтары террористік ұйымдардың қолында. Оңтүстіктен төнетін осындай қауіптің бар екенін ескере отырып, ҰҚШҰ халықаралық терроризм мен басқа да қатерлерге қарсы күресу үшін қарулы күштер мен құралдарды сақадай-сай ұстауы қажет, — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Саммит қатысушыларына «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының нәтижесі туралы айтып, осы шара барысында Қазақстан мен Сирияның салалық органдары 595 азаматты, оның ішінде 400-ден астам баланы қақтығыс аймағынан алып шыққанын жеткізді. Президент жуырда ғана Ирактан бір топ баланың құтқарылғанын хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз есірткі айналымымен күрес, ақпараттық және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударды.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен қырғыз тарапының жетістіктері үшін Сооронбай Жээнбековке ризашылық білдіріп, Ұйым төрағалығын қабылдап алған ресейлік әріптестерін құттықтады.   

Саммит қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында халықаралық іс-қимылдар мен ынтымақтастықты жетілдіру туралы саяси мәлімдеме қабылдады.

Бішкекте қабылданған құжаттар ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Құжаттар Ұйымның ашықтығын және оның өзге елдермен және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығын кеңейтуге бейілдігін көрсетеді.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының қорытындысы бойынша 17 құжатқа, соның ішінде, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында халықаралық өзара іс-қимылдар мен ынтымақтастықты жетілдіру туралы мәлімдемеге және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 14 шешіміне қол қойылды:

***************

  1. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы»;

  2. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы»;

  3. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі туралы Ережесіне өзгерістер енгізу туралы»;

  4. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы органдары рәсімдерінің Қағидаларына өзгерістер енгізу туралы»;

  5. «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің 2019-2021 жылдарға арналған ұжымдық іс-қимылдар жоспары туралы»;

  6. «Тәжік-ауған шекарасы маңындағы шиеленісті азайтуға бағытталған қосымша шаралардың тізбесі туралы»;

  7. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік (әскери-өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық және интеграциялық байланыстарын дамыту саласындағы базалық ұйым туралы»;

  8. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру әрі жүргізу тәртібі туралы Ереже»;

  9. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдар жөніндегі тұрақты іс-әрекеттер операциялары туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы («ПРОКСИ» операциясы)»;

  10. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы»;

  11. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының 2018 жылға арналған бюджетінің жұмсалуы жөніндегі есеп туралы»;

  12. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының 2020 жылға арналған бюджеті туралы»;

  13. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының наградаларымен марапаттау туралы»;

  14. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік қеңесінің кезекті сессиясының өткізілу уақыты мен орны туралы», сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі жұмыстарының мәселелеріне қатысты басқа да құжаттар.


Жаңалықтар тізбегі
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.