04 Мамыр 2019, 13:11
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Өкімдерімен:
Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;
Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;
Серік Базарбекұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу