Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып;

  • Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып;

  • Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Жарлықтардың мәтіндері Ақорда сайтында жарияланған. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу