Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

  • Марғұлан Бақытұлы Баймұхан — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болып;

  • Әркен Хамитұлы Өтенов – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу