Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Франция бизнесінің өкілдерімен кездесті

Жұма, 29 Қараша 2019, 18:50:43

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Франция Қазақстанның Еуропалық одақ аясындағы негізгі серіктесі екенін және еліміздің екіжақты ықпалдастықты дамытуға баса мән беретінін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар тұрақты әрі жоғары деңгейде. Біз Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға жасайтын алдағы сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп санаймыз», — деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі уақытта Қазақстанда француз капиталының қатысуымен Orano, Alstom, Air Liquide, Airbus сияқты 160-тан астам трансұлттық компания жұмыс істейді. 2018 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 32%-ға артып, $4,5 млрд жетті.

«Мен мұны жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Соған қарамастан оны жақсартуға үнемі ұмтылуымыз керек. Биылғы көрсеткіштерде де оң қарқын байқалады. 9 айдың ішінде тауар айналымы 5,5%-ға өсіп, $3,4 млрд жетті. Жалпы Қазақстан экономикасына салынған француз инвестициясының көлемі $16 млрд жуық», — деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда табысты бизнес жүргізу үшін жағдай жасалғанын атап өтіп, бизнес-ахуалды жақсартуға, кедергілерді азайтуға және еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.  

Президент француз бизнесмендерінің назарын екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға негізделген көптеген бағыттарға аударып, оларды агроөнеркәсіптік кешен және экономиканың басқа да секторларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін серіктес болуға шақырды.

«Қазақстанның бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мүмкіндігі зор. Елімізде 25 млн гектар егістік пен 186 млн гектардан астам жайылымдық жер бар. Бұл орасан зор ресурс және резерв. Географиялық тұрғыдан біз үлкен әрі жоғары төлем қабілеттілігі бар Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Индия нарықтарына жақынбыз», — деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті өз сөзінде инновация, цифрлық экономика салаларындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторындағы іс-қимылдарды кеңейтуге және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды.

«Елімізде Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі секілді инновациялық кластерлер жұмыс істейді. Astana Hub АT-стартаптар халықаралық технопаркі ашылды. Біз Қазақстанда француздық инновациялар мен технологияларды енгізу үшін мейлінше қолайлы жағдай жасауға дайынбыз», — деді Президент.

Көлік-транзит инфрақұрылымын дамыту мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы Қазақстан арқылы Азия мен Еуропаны жалғайтын халықаралық көлік дәлізі өтетінін, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасымен ұштасатын «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бұдан бөлек көліктік және туристік әлеуетті арттыру мақсатында еліміздің жетекші әуежайларында «ашық аспан» жүйесі енгізілді.

«Мен Қазақстанның аспаны ашық болуы керек деген шешім қабылдадым. Осы жүйе 11 әуежайға енгізіліп, барлық әуе компаниялары арасында, оның ішінде қазақстандықтар да бар, тиісті бәсекелестік ұйымдастырылады. Бұл жолаушылар тасымалы тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан мен Еуропа арасында жүк тасымалын ұйымдастыратын еліміздің авиациялық мүмкіндіктеріне оң ықпал етеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент Францияның туризм саласындағы табысты тәжірибесін зерттеуге және енгізуге еліміздің мүдделілігін атап өтіп, Қазақстанның франциялық туристерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррер инвесторлардың бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«Мен француз компанияларының Қазақстанның кәсіпорындарымен ұзақ мерзімге негізделген ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтқым келеді. Олар қосымша жобаларды дамытуға үмітті және қазақстандық билікпен жұмыс істеуге әзір», — деді Ив-Луи Даррикаррер.

Кездесу барысында Қазақстандағы Total компаниясының басшысы Алем Фрига-Ной, Air Liquide компаниясының вице-президенті Филипп Кристодолу, Alstom компаниясының Таяу Шығыс елдері бойынша аға вице-президенті Дидье Флежер, Renault кәсіпорнының аға вице-президенті Николя Мор, Idemia компаниясының аға вице-президенті Изабель Лозон, Orano mining компаниясының бас директоры Николя Маэс, Vicat компаниясының аймақтық директоры Пьетро Кала және басқа да француз бизнесінің өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев осы іс-шараның Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстарды нығайтуға септігін тигізетініне, өзара тиімді жаңа жобалардың бастауы болатынына сенім білдірді.


Жаңалықтар тізбегі
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.