Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті БАӘ-нің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі

Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2020, 21:36:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша екі елдің айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Президенттің айтуынша, екіжақты күн тәртібі өзара тиімді жобалармен және бастамалармен үнемі толықтырылып отырады. Мемлекетаралық қарым-қатынастардың деңгейін жан-жақты қамтылған стратегиялық серіктестік ретінде сипаттауға болады.

«2019 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында өзара тауар айналымы 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10,3 пайызға  артып, 500 миллион доллар болды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 2,1 миллиард долларға жетсе, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне құйған инвестициясы бір миллиард долларға жетті. Қазақстанда Біріккен Араб Әмірліктерінің 350-ге жуық заңды тұлғалары, филиалдары мен өкілдіктері табысты жұмыс істейді. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде құны 11 миллиард доллар болатын ауқымды жоспарымыз бар», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін Қазақстан мен Әмірліктердің әлеуеті зор екеніне және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесулер жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашатынына сенім білдірді.

«Қазіргі уақытта Атырау облысында полипропилен өндірісі үшін құны 6,6 миллиард доллар болатын мұнай-химия кешенін салу жобасын іске асыру үшін «Мубадала» инвестициялық компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазақстан экономикада қайта өңдеу өнеркәсібі мен индустриялық даму ісіне зор көңіл бөліп отыр. Бұл бірлескен жобамыздың жақсы үлгісі бола алатынын көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президент өз сөзінде Біріккен Араб Әмірліктері бизнесмендерінің назарын ашылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперациясындағы зор перспективаларға аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін араб нарығына жеткізу үшін жер, технология, логистика жағынан жақсы мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар халал өнімдерді, мал еті мен құс етін өндіру, майлы дақылдарды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобалар үлкен қызығушылық туғызады.

Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстаннан келетін туристер үшін алғашқы бестікке кіретін ең танымал бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы еліміздің өз азаматтарын тек демалу үшін жіберуге ғана емес, сондай-ақ, Әмірліктерден туристер тартуға ниетті екенін жеткізді. Осыған байланысты Қазақстан араб бизнесінің көмегіне үміт артады.  

«Біз туризмді жұмыс орындарын ашатын әрі экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін маңызды саланың бірі деп санаймыз. Екінші жағынан, БАӘ көп жылдан бері әлемдік туристік нарықта мойындалған көшбасшы саналады. Сіздердің компанияларыңыздың тиісті білімі, тәжірибесі мен ресурсы бар. Осыған байланысты сіздерді Қазақстанда туристік бағытты бірлесе дамыту үшін және осы саланы, шын мәнінде, халықаралық деңгейге көтеру үшін шақыруға ниеттіміз», – деді Президент.  

Қаржы саласы – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің ірі банк және инвестициялық институттарымен тығыз ықпалдастық орнатқан. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Орталық Азия мен Еуразия кеңістігіндегі  ислам қаржылық қызмет көрсету хабы ретінде өз әлеуетін күшейтуде.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ұлттық мұнай-газ компаниясы, темір жолдар, телекоммуникациялық компаниялар және басқа да кәсіпорындар сияқты  ірі мемлекеттік стратегиялық активтерімізді IPO-ға шығаратын орын болады. Біз Abu-Dhabi Investment Authority және Mubadala сияқты компанияларды жекелеген корпорациялар мен әл-ауқат қорларын жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендерге арнаған сөзінде.     

Оның айтуынша, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту үшін жақсы база бола алатын, кен өндіру өнеркәсібі, металлургия, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және басқа да салалар бойынша  құны шамамен 40 миллиард доллар болатын инвестициялық ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар Президент білім және ғылым саласындағы өзара ықпалдастықтың маңызы зор екенін атап өтіп, білім саласында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларға тоқталды.  

Дөңгелек үстелде «Abu Dhabi Global Market» еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік министр Ахмед Али Әл Сайих, «LuLu» гипермаркеттер  желісінің негізін қалаушы М.А. Юсуф Али, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «SABIS» Emirates Kazakhstan Education Investment Group білім желісінің акционері Халед Әл-Кинди, International Community School мекемесінің басқарушы директоры Мұхаммед Әл Шамма және басқа да Біріккен Араб Әмірліктері бизнес топтарының өкілдері сөз сөйледі.


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.