Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі мен ЮНИДО бас директоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астанада өтіп жатқан Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі аясында Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев пен ЮНИДО Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының бас директоры Юн Ли ынтымақтастық бағыттарын қарады, деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Астанада өтіп жатқан Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі аясында Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев ЮНИДО Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының бас директоры Юн Ли мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылмен ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады»,- делінген мәлімдемеде.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылмен ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Ерболат Досаев мойындалған тәуелсіз есептерге сәйкес біріздендірілген стандарттар арқылы өндірістік дамушы елдердің сауда әлеуетін арттыруда техникалық көмек көрсету саласында ЮНИДО-ның әлемдік көшбасшы екенін атап өтті.

Ол соңғы бірнеше жылдың ішінде Қазақстан мен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанын айтты.

«Қазақстанның ЮНИДО-ға қосылған уақытынан бастап, шағын және орта бизнес саласында бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Қазақстан өнеркәсіптік статистика, өнеркәсіптік интеграция және өнеркәсіптің қоршаған ортаға жағымсыз салдарын жеңілдету сияқты мәселелерді қамтитын ЮНИДО-ның бірнеше аймақтық жобаларына қатысты»,- деп түсіндірді ЭБЖМ басшысы. 

Министр сондай-ақ Қазақстанның аталған ұйыммен ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын айта келіп, қазіргі уақытта өнеркәсіптің Қазақстан экономикасының 3/1 бөлігін қамтитынын тілге тиек етті. Тау-кен өндіру секторы 2,9%-дан астам еңбекпен қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптің негізгі капиталына құйылған инвестиция бүгінгі күні жалпы көлемнің 30%-нан асады. Ал, қайта өңдеу өнеркәсібі 12%-ды құрайды.

«Қазақстан экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты әрі теңдестірілген экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр. 2050-ші жылға қарай Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздеуде. Осы ретте Қазақстан үшін ЮНИДО-ның сарапшылық әлеуетін тарту, оның әдістемелерін, техникалық білімін пайдалану маңызды»,- деп атап өтті Досаев мырза.

Өз кезегінде Юн Ли ЮНИДО Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және осы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтты. Бас директор сондай-ақ Республикада жүргізіп жатқан экономиканы әртараптандыру жұмысына баса назар аударып, бұл табысты тәжірибенің басқа елдер үшін де пайдалы болатынын атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (United Nations Industrial Development Organisation, ЮНИДО) 1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының № 2152 (ХХI) қарары бойынша, БҰҰ қызметін өнеркәсіп саласында үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылды. 1985 жылы ЮНИДО БҰҰ құрамында мамандандырылған мекемеге айналды. 172 ел ЮНИДО мүше-мемлекеттер болып табылады. Ұйымның штаб-пәтері Австрияның Вена қаласында орналасқан.

ЮНИДО-ның өнеркәсіптік жаңғыру бойынша қадамдары мен әдістемелері кешенді сипатқа ие және еңбек, қондырғы, ресуртық және энергия тиімділк бірліктерін арттыруды көздейді. ЮНИДО-ның бағдарламалары мен жобаларын қаржыландыруға донор-мемлекеттер қаражат бөледі.

ЮНИДО қызметінің басым бағыттары: өндірістік еңбек арқылы кедейшілікті төмендету, сауданы дамытуға мүмкіндіктер жасау, энергетика және қоршаған ортаны қорғау болып табылады. ЮНИДО сапаны бағалау, тестілеу, метрология, стандарттар арқылы сауда әлеуетін көтеруге техникалық көмек көрсету саласында әлемдік көшбасшы.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу