ҚР Үкіметі басшысы С.Ахметов француз іскер топтарының Қазақстан экономикасын дамытуға қатысуының маңыздылығын атап өтті
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Француз Республикасына жасаған жұмыс сапарының қортындысы бойынша қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
Серік Ахметов Қазақстан Президентінің Францияға сапары барысында жасалған жоғарғы деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру үшін тұрақты байланыстар орнатуға қол жеткізілген Қазақстан-Франция қарым-қатынасының ырғақты дамып отырғанын, атап өтті.
Қазақстан Үкіметінің басшысы еліміздің халықаралық байланыстарының барлық спекторы бойынша Парижбен тығыз өзара іс- қимылы жасауға мүдделі екенін айтып, аэроғарыш, энергетика, көлік, машина жасау салаларындағы ынтымақтастықтың тәжірибесіне оң баға берді.
С.Ахметов сондай-ақ, француз іскер топтарының Қазақстанды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру шараларына қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 100-ден астам компания жұмыс істейді, олар сенімді әріптес екендіктерін көрсетті»,-деді ҚР Премьер-Министрі.
Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы мәселесіне тоқталған С.Ахметов, бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын, атап көрсетті.
Үкімет басшысы сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізу бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жобаның ауқымын айта келе, ол мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, адами ресурстарын жұмылдыру бойынша мүмкіндіктерін жоғары бағалады. «ЭКСПО ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті, туристік саланы, қызмет көрсету сферасын дамытуға, жаңа жұмыс орындары құруға тың серпін береді»,-деді Премьер-Министр.
«Астанада ЭКСПО-ны өткізу Қазақстанның дамуына ықпал етіп қана қоймай, жалпы аймақтың өркендеуіне әсер ететін болады»,-деп сөзін қортындылады С.Ахметов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз