Үкімет басшысы С. Ахметов Қостанай облысындағы индустриялық жобаларын аралады
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов түстен кейін Қостанай облысындағы жұмыс сапарын одан әрі жалғастырды.
С. Ахметов Қостанай ауданы Алтынсарин ауылындағы «Сейдахметов Е.С» шаруа қожалығында болып, ондағы мал шаруашылығын өркендету барысымен және оны дамытудың болашағымен танысты. 2012 жылы бұл шаруашылықта 200 бас аналыққа арналған мал өсіру кешенін құру бағытында құны 400 млн. теңгеден астам инвестициялық жоба іске асырылған болатын. Аймақтың ауа- райына төзімді 196 бас «Ангус» тұқымды ірі қара мал АҚШ тан әкелінді.
С. Ахметов Қостанай қаласында индустрияландыру Картасының ірі жобаларының жүзеге асырылуын тексерді.
Премьер-Министр үй құрылысы комбинатының құрылыс алаңында болып, құрылыс мамандары Үкімет басшысына үй құрылысы комбинаты жұмысының барысы және өндірісті дамытудың технологиясы мен оның болашағы туралы әңгімелеп берді.
Комбинат жылына 70 мыңнан астам шаршы метр үй салуға қауқарлы. Үй құрылысы комбинатын қатарға қосу -қысқа мерзімде құны едәуір арзан әлеуметтік нысандар мен үйлерді тұрғызып, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында облыс халқын баспанамен қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.
Премьер-Министрдің тағы бір тоқтаған жері- орта машина жасау кәсіпорындары болды. С.Ахметов «АгромашХолдинг»АҚ мен «СарыаркаАвтоПром»ЖШС зауытында болып, «Ssang Yong», «УАЗ», «ИВЕКО» маркалы автокөліктер және ауылшаруашылығы техникаларын шығару технологиясы мен өндірістің болашағымен танысты. Жұмыс сапары орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте қортындыланды.Кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері, аймақтарды дамыту, сондай ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.
«Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша тұтас алғанда оң беталыс байқалады», деп атап көрсетті Премьер- Министр.
Алайда бірқатар көрсеткіштер бойынша өсім төмендеуі бар. «28 қараша күні Мемлекет басшысы өткізген кеңесте Қостанай облысы инвестиция тарту жөнінен артта қалған аймақтардың қатарында аталды. Жағдайды жақсарту керек», деді С. Ахметов.
Премьер- Министр «Мемлекет басшысы халықтың еңбекпен қамтылуының нақты көрсеткішін әкімдер жұмысының басты критериі деп анықтайтынын еске салды».
С.Ахметов облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту барысында бірқатар бағыттарды жандандыру қажеттігіне назар аудартты.
«Аймаққа инвестиция тарту жұмысын күшейте түсу керек. Сондай ақ «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмені өткізуге жан- жақты дайындық жұмыстарын ескере отырып, аймақтық индустрияландыру Картасына түзетім енгізу қажет. Осының қатарында шағын және орта бизнесті дамыту қарқынын өсіре түсуге тиіссіздер», деп атап көрсетті С. Ахметов.
Бұдан басқа, Премьер-Министр Қостанай облысының шекаралас аймақтарындағы қарым-қатынастың кеңеюіне қатысты, азық-түлік бағасын тұрақтандыру,көлік инфроқұрылымын дамыту және облыстың елді-мекендерін үзіліссіз жылуэлектр қуатымен қамтамассыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз